• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:36:31
Алматы
+35°

26 Желтоқсан, 2016 Спорт

Атақты боксшы Рой Джонс Қазақстанға не себепті көз тігіп жүр?

Кіші Рой Джонс жеке іс-сапармен Алматыға келді. Брифингтің алғашқы минуттарынан-ақ, ол бокс сүйер қауымды жаңалығымен таң қалдырды. Джонс Қазақстанда өз...

Кіші Рой Джонс жеке іс-сапармен Алматыға келді. Брифингтің алғашқы минуттарынан-ақ, ол бокс сүйер қауымды жаңалығымен таң қалдырды. Джонс Қазақстанда өз мектебін ашпақ ниетте.

«Қазақстанда бокс мектебін ашқым келеді. Бұл жақта әуесқой бокс жақсы дамығанын білемін, бірақ кәсіпқой бокс да өте маңызды. Сондықтан мен бұл спорттың дамуына көмектескім келеді. Мен үшін ақша маңызды емес, бұл жерге өзімнің шеберлігім мен машықтарыммен бөлісуге келдім. Өз әдіс-тәсілім бойынша үйретуге дайынмын»,– деді Рой.

Америкалық кәсіпқой боксшы соңғы Олимпиададаның күміс жүлдегері – Василий Левитті де назарынан тыс қалдырмады.

«2016 жылы коррупция өркендеп тұрғанына қатты ұяламын. 1986 жылы маған да солай істелген. Егер сен қателік жіберсең, кешірім сұрауың керексің», – деп жалғастырды Джонс.

Рой сонымен қатар алдағы жоспарларымен де бөлісе кетті.

«Мен 75 жасқа дейін рингте жүрмеймін. Мүмкін, келесі жылы карьерамды аяқтайтын шығармын. Құдай маған талант берген екен, әзірге бокспен айналыса тұрамын. Мен діндар адаммын, бұл мені әр күн сайын жігерлендіріп отырады», – деді Джонс.

,

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір