• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:43:56
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2018

Atameken Business Channel телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

Atameken Business Channel – бұл екі қала: Астан мен Алматыдан ақпарат тарататын тұңғыш қазақстандық бизнес телеарна

Қанат Сахариянов Atameken Business Channel телеарнаның бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған дейін Қанат Сахариянов Atameken Business Channel Бақылау кеңесінің төрағасы және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры қызметінде болды.

 Қанат Сахариянов әр жылдары «КТК» телеарнасының Бас директоры, «Хабар» АҚ агенттігінің Басқарма төрағасының орынбасары, сонымен қатар «Қазмедиа Орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директоры қызметтерін атқарды.

 Atameken Business Channel телеарнасы дамуындағы маңызды қадам ретінде 2018 жылдың қаңтарында телеарнаның Астана халықаралық қаржы орталығы және тәулік бойы ақпарат тарататын телеарнасы бар, іскерлік және қаржылық ақпаратты тарататын әлем көшбасшыларының бірі болып саналатын Bloomberg компаниясымен жасаған үшжақты келісімді атауға болады. Осылайша Atameken Business Channel Астана халықаралық қаржы орталығының ресми серіктесі атанып, Bloomberg-пен бір толқында тікелей ақпарат пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.  

 Atameken Business Channel – бұл екі қала: Астана мен Алматыдан ақпарат тарататын тұңғыш қазақстандық бизнес телеарна. Atameken Business Channel интернет пен телевизия сынды негізгі контентті платформаларда бар. Телеарна Қазақстанның, сонымен қатар ЕАЭО,ТМД және әлімнің  іскерлік ақпаратын таратушы ресурс. Студияның қонақтары жетекші сарапшылар – бизнесмендер, кәсіпорындар басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары. Atameken Business Channel арнасы  сараптамалық бағдарламалар шығатын, нарық болжамдары мен нарық қозғалыстары сарапталатын, мамандар пікірі мен сарапшы бағалары айтылатын кәсіби мінбер. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір