• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:45:24
Алматы
+35°

18 Тамыз, 2017 NEWS

Ата-аналарды оқулықтағы тапсырмалар мен сөйлемдер таңқалдырды

Ата-аналарды «Әлеуметтік желі арқылы пиар жасау», «Әлеуметтік желіде лүпіл басу», «эмотикондар» деген сөздер таңқалдырған

Мектеп оқушыларына жаңа оқу жылына арналған оқулықтар тапсырылды. Ата-аналар 5-ші сыныпқа арналған орыс тілі пәні оқулығында кейбір тапсырмалар мен сөйлемдер білімге ешқандай қатысы жоқ екенін айтады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Мой город"-қа сілтеме жасап.

«Мой город» редакциясына ата-аналар 5-ші сыныптың орыс тілі оқулығының фотосын жіберді.

«Орыс тілі оқулығы екі бөлімнен тұрады. Оның авторы - Клокова, Белозёрова, Ибраева, Сулейменова, Муханбеткалиев, Касымова және Опря. «Желілі әдеп», «Арманымдағы көлік», «Көлік жарнамасы» деген тақырыптарды көрдім» дейді ата-ана.

Ата-аналарды «Әлеуметтік желі арқылы пиар жасау», «Әлеуметтік желіде лүпіл басу», «эмотикондар» деген сөздер таңқалдырған.

«Орыс тілін оқытуға «пиар жасау» сөзінің не қатысы бар? Менің ойымша, бұл оқушылар мен орыс тілі пәнін мазақ ету. Осындай оқулықтармен балаларымыз қалай сауатты болып шығады?!» деді ата-ана. 

Айта кетейік, биыл 2,5 және 7 сынып оқушылары жаңа оқулықпен оқиды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір