• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:29:52
Алматы
+35°

02 Қазан, 2017 Әлеумет

Ата-ана қасіреті: Өз баламыздың қолынан ажал құшамыз ба деп қауіптенеміз..

Джейн мен Пол балалары үшін арнайы маман іздейді, алайда ондай маман жоқ.

Егер өзіңіздің балаңыздан қауіптенсеңіз, не істеуге болады? Егер ол ештеңені сезбесе, тіпті өзін де, оны жазалаудан не пайда? Психиатрлар «эмоцианалдық қасиеті жоқ, сезімсіз» деп баға беретін балалар түбінде кімге айналады? Бұл қасірет кімге ауыр тиеді, ата-анаға ма, әлде ештеңені сезбейтін балаға ма? Шетелдік БАҚ журналисі дәл осындай сынақты бастарынан өткерген ата-анамен тілдесіп көрді. Джейн мен Пол балалары үшін арнайы маман іздейді, алайда ондай маман жоқ.

Джейн мен Пол Максты асырап алған. Бала асырап алу – әрине, сауабы мол іс. Алайда асырап алған балаңның саған деген жүрегі жылымаса, өзіңе шабуыл жасаса, қандай шара қолдануға болады? Соның жауабын таппай жүрген ата-аналар бүгінде жетерлік.

Джейн: Біздің өмірімізде Макс пайда болған кезде бәрі түбегейлі өзгерді. Мұндай үлкен өзгеріс біздің мықиылығымызды сынады. Болашақта не болатыынын көз алдымызға елестетіп те көрмеген едік.

Пол: Макс – асыранды бала. Мұндай да жауапкершілік те көбейеді. Біз үлкен мәселеге тап болғанымызды ерте түсіндік, алайда сыртқы көмектен үмітті болдық.

Джейн: Макс үйміздің табалдырығын аттағанда қатты қорықтық, бірақ бәрі жақсы болады деп сендік. «Оған үй сыйлаймыз, отбасы жылулығын сезінуге мүмкіндік береміз, өзін жайлы сезінуіне бар жағдай жасаймыз, уақыт өте келе... Бәрі жақсы болып кетеді.

Біз оны асырап алған кезде оның өткен өмірімен таныстық. Мектебінде сотқар болғанын білді. Бастауыш мектепке берген сәтімізде мұғалімдер Максты әрең басқаратын. Ол өзге оқушыларға тап беретін. Сыныптастарының мазасын алатын. Алайда ол өз құрдастарымен ешқашан төбелеспеген, тек ашуын шығару үшін дөрекілік танытқан, ұрсысқан.

Бір кезде ас бөлмеде тұрған кішкентай пышақты алып кеткен екен. Сол пышқапен өзгелерді үркітіп жүрген, қоқан-лоқы көрсеткен. Сөйтіп, бірнеше айдан кейін Максты мектептен шығаруға тура келді.

Біз қандай да бір шара қолдану керек екенін түсіндік. Мен алғаш рет Балалар мен жасөспірімдерге арналған психикалық денсаулық қызметіне жүгінгенімде, маған Макстың әлі өз ортасына үйренісе алмай жүргенін айтты.

Алайда, мен шынайы көмектің керек екенін сездім. Тіпті, не істерімді, неден бастарымды білмей дал болдым.

Пол: Үйімізде қиындықтар жиі туындап тұрады. Максты кішкентай кезінде ұстап алып, жөнге салу оңай еді. Ал қазір өзін ұстатпайтын болды. Бізге де күш қолдануға тура келеді.

Оның үстіне Макстың қарындасы бар. Екеуін оңаша қалдыруға қорқамыз. Макс ұйықтағанша, оның әр қадамы бақылау біздің басты міндетімізге айналған.

Джейн: Ол бізге қазірден күш көрсетеді. Тіпті, бірде полиция шақыруымызға тура келді. Оған ұрса жөнелсек, бізді ұрады.

Пол: Ол қазір әлі бала. Ал ер жеткенде қандай болатынын көз алдымызға елестетудің өзі қорқынышты.

Джейн: Алдыңғы күні оған қалағанын істеуге тыйым салған едім, ол ашуға булықты да, маған тап берді. Алғашында жай ғана итеретін. Кейін маған сөз қайтаруды шығарды. Ал қазір ашуланса, үйдегі заттарды қирататын әдет шығарды.

Пол: Ол кейде өте қауіпті болып кетеді. Айқайлағаны, ұрсысқаны, қоқан-лоқы көрсеткені жай ғана сөз, бізді өлтіре ме деп қауіптенеміз.

Джейн: Біз балаларды қорғау бағдарламасына кірдік, бірқа үлкендерді де қорғау бағдарламасын ашу керек деп ойлаймын. Макс бізді де, қарындасын да ұрады.

Пол: Ол өзін-өзі бақылаудан қалған. Реніш пен ашуды ішінде сақтап жүреді де, бір күні жарылады. Бірақ жақсы қасиеттері де жоқ емес.

Джейн: Иә, оның сүйкімділігі де бар. Кейбір адамдарға Макспен болған ұнайды. Меніңше, ол ұстамды болып, сауда ісіне араласса, адамдармен тіл табысып, жақсы пйада таба алатынына сенемін. Себебі, Макс адамдардың көңілін көтеруді біледі.

Кішкентай кезінде мінезі өте нәзік болатын. Қазір не өзгергенін білмеймін. Өзін ешкімге керексіз сезінетін шығар, бәлкім. Кейде ойланбастан дөрекі сөйлеп қояды, бірақ кейін өкінгейнін байқап қаламын.

Эмоционалдық қасиеттерден ада жандарды қалай тануға болады?

-Ондай адамдар өз сезімдерін ашық айта алмайды, өзгелерден жасырады;

-Олар жақсы мен жаманды ажырата алмайды;

-Ондай жандар суық, әрі жат бауыр келеді;

-Олар адамның көңіліне қаламйды, өз қалағандарын алса, істетсе болғаны;

-Олар ренжіткен адамдарынан кешірім сұрамайды;

-Істеген істеріне өкінбейді;

-Жазаланудан да қорықпайды;

-Өздерінің іс-әрекеттерінің дұрыс еместігін мойындамайды;

-Оларды сабақ үлгерімі де алаңдатпайды.

Джейн: Макс психологқа барып жүрген, бірақ одан түк шықпады. Себебі ол өзі жайлы ешкімге тіс жарып айтпайтын. Психиатр Макс үшін ештеңе істей алмайтынын айтты. Өзіміз күрескеннен басқа амал қалмады, сөйтіп оны арнайы мектепке ауыстырдық. Ол жерде де қиын болды, алайда арнайы мамандар тырысып бақты. Макс ол мектепте 2 жыл оқыды.

Пол: Әрине, Максты жақсы көреміз. Бұл да бір өмірдің сынағы шығар деп қабылдаймыз, бәрінің өзгеретініне сенеміз. Алайда күшіміз сарқылды.

Ендігі жоспарымыз Максты мектеп-интернатына беру.

Джейн: Егер оны мектеп-интернатына тапсырсақ, қайта алу мүмкін болмайды. Біз Максты асырап алдық, ол – біздің ұлымыз. Оны интернатқа бергеніміз асырай алмай әлеуметтік қызметке қайтарғанымызбен тең. Бұл жағдай Максқа да, оның қарындасына да, бізге де ауыр тиері анық. Алайда, бұдан басқа амалымыз қалмады.

Мақаладағы есімдер өзгертіліп берілген. Джейн мен Пол өздерінің ауыр ата-аналық міндеттері жөнінде BBC Radio 4 арнасының «Today» бағдарламасында айтты.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір