• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:30:57
Алматы
+35°

24 Наурыз, 2019 Кәсіпкер

Астананың жаңа атауына сәйкес домен 24 миллионға сатылады

23 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев Конституцияға өзгертулер енгізілгені туралы заңға қол қойып, Қазақстан елордасы Нұр-Сұлтан деген атқа ие болды.

Nur-Sultan.kz домені сатылымға шығарылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ♦telderi.ru атты ресейлік сайттар мен домендер биржасына сілтеме жасап. 

Хабарландыру авторы домен Қазақстан елордасының жаңа атауына толығымен сәйкес келетінен жаза келе, бастапқы бағасы – төрт миллион екі жүз мың рубль (24 миллион 696 мың теңге) деп көрсеткен.

Хостинг қызметін ұсынатын сайттардың бірінде доменнің Ақтөбе тұрғынына тиесілі екені айтылыпты. Ол доменді 2019 жылы 20 наурызда сатып алған екен.

Домен Әкімдікке, Туристік компанияларға, жаңалық порталдарына және елорданың ғаламтор дүкендеріне әбден лайық деп жазылған хабарландыруда. 

Еске сала кетсек, 23 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер енгізілгені туралы заңға қол қойып, Қазақстан елордасы Нұр-Сұлтан деген атқа ие болған еді. Мемлекет басшысы астана атауын өзгерту туралы жарлыққа да қол қойды.

Сөйтіп, Астана атауының өзгергенін пайдаланып, Ақтөбе тұрғыны байып кетудің аз-ақ алдында тұр.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір