• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:21:58
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2019 NEWS

Астананың атауы ресми түрде Нұрсұлтан болып өзгерді

Астананың атауы Нұрсұлтан болып ресми өзгертуге шешім қабылданды

Астананың атауы Нұрсұлтан болып ресми өзгертуге шешім қабылданды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы заң жобасы екі оқылымда қабылданды. 

"Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың - 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды", - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында.

«Мемлекет басшысы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламенттің қарауына «ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын енгізді. Бұл жоба республика астанасының атауын Астана қаласынан Нұрсұлтан қаласына өзгертуді көздейді. «ҚР Конституциясына сәйкес, Үкімет Ата Заңымызға Астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін Республикалық референдум өткізу жөнінде ҚР Президентіне ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты референдумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл мәселе бойынша Конституциялық Кеңес өзінің оң қорытындысын да берді», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Еске салсақ, бүгін Парламент үйінде халыққа ант берген Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде алғашқы мәлімдемесін жасады. Елбасы Нұсрұлтан Назарбаевқа алғыс айта отырып, өз ұсыныстарын айтты. Солардың алғашқысы Астана қаласы мен Қазақстанның орталық көшелерінің атауын Нұрсұлтан Назарбаев етіп өзгерту.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір