21 Наурыз, 2019 Аймақтар
Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуге қанша ақша жұмсалады?
Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге шешім қабылдаған болатын.
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елорда атауын өзгертуге қанша теңге жұмсалатыны әзірге белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Дәленовтің айтуынша, елорда атауын өзгертуге қанша ақша жұмсалатыны әлі белгісіз.
"Есептеген жоқпыз, бірақ қолда бар ақшаның, бюджеттің шегінде деп ойлаймын", - деді министр парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Ол Астана атауын өзгертуге жұмсалатын қаржы сомасы кейін жеке хабарланатынын айтты.
"Түсінесіздер ме, атауды өзгерту бірден бола салатын дүние емес. Егер құжат, төлқұжат, маңдайшалардағы атауларды сұрап тұрсаңыздар, мұның бәрі жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады", - деді министр.
Айта кетсек, бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге бағытталған, Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екі оқылымда да мақұлдады.
Ұсынған: Мақпал Сембай
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір