• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:17:23
Алматы
+35°

21 Маусым, 2017 NEWS

Астаналық әйел ораза ұстап жүрген бастығын өзін зорлады деп айыптауда

Астаналық бойжеткен Алмагүл Құсайынова баспасөз қызметін жинап, өзін бастығы зорлап кеткендігін мәлімдеді, деп хабарлайды

Астаналық бойжеткен Алмагүл Құсайынова баспасөз қызметін жинап, өзін бастығы зорлап кеткендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Kazinfo Today сайтына сілтеме жасап.

Зәбір көрушінің айтуынша, ол бірнеше стаматологиялық клиникалардың басшысы екен. Оқиға 14 маусым күні медбикелер күніне арналған сауық кештен соң орын алған.

Сауық кештен соң оның әріптесі клиниканың бас дәрігерінен Алмагүлді үйіне шығарып салуын өтінген. Құсайынованың айтуынша, ер адам оны таксимен алып барып, кейіннен саябақта серуендеп қайтуды ұсынған. Кейіннен сол саябақта оны екі рет аяусыз зорлыққа жыққан.

Арам пиғылын іске асырып болғаннан соң, ол Алмагүлге оның ең бірінші және ең соңғы емес екендігін айтқан.

«Оны мұндай қылық жасайды дегенге ешқашан сенбес едім. Жұмыста өзінің әйелін сүйетін, отбасылы, салиқалы ер адам секілді жүретін. Оның үш баласы бар. Намаз оқиды, ораза ұстайды. Бірақ сол түні оны мүлдем басқаша кейіпте көрдім», - дейді Алмагүл.

Зәбір көруші оқиға орын алғаннан соң бірден арыз жазуға жүрексініп, жұмысынан айырылып қалуға қорыққан екен. Өзі жалғызбасты ана, бір қызы бар, ал күйеуі болса қайтыс болған. Сонымен қатар пәтерінің несиесін сол бір айлығынан төлеп отыр екен. Алайда, оқиға болған күннің ертесіне бірден полицияға барып, шағымданған. Зәбір көрсетуші ер адамды соттамаған, себебі ол клиникаға жақсы табыс алып келеді екен. Өзара келісімге келуге шақырғанымен, Алмагүл бұған қарсылық білдіріпті.

«Қазір маған қысым көрсетіп жатыр. Маған не себепті жұмыс істемейтіндігімді айтып, түсініктеме жазып беруімді талап етіп жатыр. Алайда мен ресми жылдық демалысқа шыққанмын. Ол істейтін жерде мен жүре алмаймын. Әріптестер арасында өзара талқылауға тыйым салып, жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан. Менімен де ешкім сөйлеспейді. Себебі, ол әріптестердің барлығына болған жайтқа тек мені кінәлі етіп айтып берген, ол менімен қарым-қатынасын жалғастырудан бас тартқан соң мен одан кек алып жүр деп жала жапқан», - дейді Алмагүл.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір