• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:31:25
+35°

06 Ақпан, 2018 Әлеумет

Астанадағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Былтыр полиция қаланың көше-жол желілеріне 320 рет тексеріс жүргізген, тексеріс барысында 15 мың километр жер қамтылған.

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған баспасөз конференциясы өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев, Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі  бастығының орынбасары полиция полковнигі Тахир Абдурахманов, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы Автоматтандыру және электрондық қызмет көрсету бөлімшесінің бастығы  полиция подполковнигі Нұржан Адилов, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы Тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің бастығы  полиция майоры Эльдар Данияров, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы Жол техникалық инспекция бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Бахытжан Алтыбай қатысты.

Бүгінгі күні қаланың көше-жол желілерінің жалпы аумағы 1146, 6 км. құрайды. Былтыр полиция қаланың көше-жол желілеріне 320 рет тексеріс жүргізген, тексеріс барысында 15 мың километр жер қамтылған. Тексеріс нәтижесі бойынша Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, аудан әкімдіктеріне және басқа да мүдделі органдарға 422 ұйғарым берілген. Жауапты адамдардың жұмыс жүргізу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  сондай-ақ көше-жол желілерін күтіп-ұстауға жауапты адамдардың талаптарды орындамағаны үшін  224 лауазымды адам жауапқа тартылды.

Кенесары көшесінде «Меркур» автосалоны, Есенберлин көшесінде – КІІД, Қарасай батыр көшесінде – «Аурика» АЖС, Абай даңғылы - А. Мамбетовта Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормаларының талаптарына жауап бермейтін реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесі алынып тасталды. Сондай-ақ өткізу қабілеттілігін көбейту мақсатында 8 учаскеде  жеке бөлінген оң жақты қозғалыс жолақтарының құрылысы жүргізілді. Қала көшелерінің 12 учаскесінде «Bus Line» қоғамдық көліктері үшін бөлінген жолақтар қолданылады.

Жылдан жылға ЖЖЕ-ні бұзуды жазып алудың автоматты жүйесі желісі кеңеюде. Қазіргі уақытта қалада жылдамдық режимін жазып алатын «Red Speed» стационарлық жылдамдық өлшеуіші, «Vocord» аппарат кешені, «Интегра КДД» жол қозғалысын бақылау жүйесі сияқты 115 жүйе орнатылған.

«Мемлекеттік жеке серіктестік» жобасын іске асыру аясында елордада 2017 жылдың қазанынан бастап 20 желілік жол учаскесінде «Bus Line» бойынша бұзушылықтарды жазып алатын «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені пайдалануға енгізілді. Кешен жол қозғалысын тәулік бойы автоматты бақылау мүмкіндігін ұсынады, сондай-ақ көлік құралдарының ЖЖЕ-ні бұзуын қашықтан жазып алуға арналған. «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізу қалада жол-көлік оқиғалары санының қысқаруына айтарлықтай ықпал етті. 2017 жылдың қорытындысы бойынша төмендеу 1.7 %-ды құрады. «Сергек»  АБК іске қосылғаннан бастап 2017 жылдың аяғына дейін 242 млн. теңгеден астам сомаға 35 мыңнан астам құқық бұзушылық өңделді. Ағымдағы жылы 9 миллионнан астам теңгеге 1580 құқық бұзушылық тіркелді.

Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезінде жол қиылысынан өту қағидасын бұзу, апаттылық жағдайын тудыру, қозғалыстың қарсы жолағына шығу, жылдамдық режимін арттыру, көлік құралын мас күйде басқару сияқты апаттылыққа әкеп соқтыратын ЖЖЕ-ні бұзушылыққа ерекше көңіл бөлінеді.  2017 жылы 197 мыңнан астам жол қозғалысын бұзушылық анықталды, барлық фото-бейнетіркеу жүйесі 939 млн. теңгеден астам сомаға 60 мыңға жуық құқық бұзушылықты тіркеген.

2017 жылдың ішінде көшедегі жол-көлік оқиғаларын және олардың салдарынан болатын ауыртпалықты қысқарту, жол қозғалысы қағидасының талаптарын елемейтін жүргізушілерді анықтау мақсатында Астана қаласының полицейлері «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Соңғы қоңырау», «Жолдағы балалар қауіпсіздігі», «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің онкүндігі», «Мас жүргізуші», «Құқықтық тәртіп» сияқты және басқа да жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір