• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:18:17
Алматы
+35°

15 Қараша, 2018 NEWS

Астанадағы мектепке «бомба» қойылды

Елордалық мектепте жалған жарылғыш құрылғының қойылғаны туралы хабарламадан кейін 1800-ден астам адам эвакуацияланды

Елордалық мектепте жалған жарылғыш құрылғының қойылғаны туралы хабарламадан кейін 1800-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Елорда Инфо сайтының дерегін негізге алып.

«Белгісіз адам қоңырау шалғаннан кейін №22 мектеп басшылығы бірден 102-ге хабарласқан. Содан кейін бірінші ауысымның оқушылары 1698 бала, 82 мұғалім мен 37 техникалық қызметкерлер жедел түрде мекемеден эвакуацияланды» дейді Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Баспасөз хатшысының айтуынша, ғимарат тексеріліп, қоңырау жалған болып шыққан. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар кімнің қоңырау соққанын анықтап жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір