• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:55:57
Алматы
+35°

05 Шілде, 2017 NEWS

Астанадағы автобустардың бірінде болған жанжалдың мән-жайы анықталды

2017 жылдың 4 шілдесінде № 2 автопаркке тиесілі мемлекеттік нөмірі 142 АТ 01. гараждық В 001, № 50 автобуста жолаушы мен кондуктор және осы маршруттың...

2017 жылдың 4 шілдесінде № 2 автопаркке тиесілі мемлекеттік нөмірі 142 АТ 01. гараждық В 001, № 50 автобуста жолаушы мен кондуктор және осы маршруттың жүргізушісі арасында жанжал орын алған. 
 
Жолаушылар көлігі басқармасы, «Астана LRT» ЖШС көліктік бақылау қызметі және №2 автобус паркі аталған факт бойынша тексеріс жүргізді.
 
Автобуста орнатылған бейнебақылаудың көмегімен бұл кикілжіңнің қалай өрбігенін анықтады.  
 
Сағат 10.30 уақыт шамасында Тұран көшесі бойындағы «Ана мен бала» аялдамасынан №50 бағыт бойынша қатынаған автобус аялдау бөлігінен асып барып тоқтайды. Себебі аялдаманың ортасында № 51 автобус (гармошка) тұрады да, жүргізушіге аялдаманың алдына тоқтау мүмкін болмайды. 
 
Бұл фактіге көңілі толмаған жолаушы аталған бағыт жүргізушісіне былапыт сөз айта бастайды. Оны кондуктор сабырға шақырғанмен, ол телефонындағы камераны қосып, автобусты жүргізіп бара жатқан жүргізушіге барады. Жолаушы дауыс көтеріп айқайлап, автобустың қауіпсіз жүруіне кедергі келтіреді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Астана қаласы әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  
 
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесіне сәйкес автокөлік құралы қозғалысын басқару кезінде жүргізушінің әңгімемен алаңдауына тыйым салынады. Жүргізушіні алаңдату жол көлік оқиғаларына немесе одан да ауыр қайғылы оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін. Салдарынан жолаушылар зардап шегуі ықтимал. 
 
Автобуста орнатылған бейнебақылау камерасынан алынған видеода жолаушының өзі жүргізушімен жанжал тудыруға әрекет еткені көрініп тұр. Ал, кондуктор болса, жолаушыға автобустың ортасына өтіп, өз орнына жайғасуды шақырып, кикілжіңді басуға тырысқан. 
 
Алайда жолаушы ары қарай мобильді телефонына түсіруді жалғастырып, осылайша автобустың қозғалысына кедергі келтірген. Жүргізуші бірнеше рет телефонды алып тастауға тырысқан. Тіпті жүргізушінің қолы телефонға тиіп кетіп, ол алдыңғы терезеге қарай құлаған. Бұл фактіге жолаушы ызаланып, жүргізушіні жағынан ұрған. Жүргізушінің сөзінше, ол бағытты шатастырып алып, шұғыл тежегішті басқан. Абырой болғанда, жылдам тоқтағанннан автобус салонында ешкім зардап шекпеген, құламаған. 
 
Дене жарақатын салу және қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі жасау фактісі бойынша №2 автобус паркі арыз толтыру үстінде, ол тиісті құқық қорғау органдарына жіберіледі. 
 
Қол жұмсау әрекеттерінен кейін кондуктор өз-өзіне ие бола алмай, жолаушыға дауыс көтере бастаған. 
 
Қандай жағдай болмасын, тәртіпті бұзған бұзақыға кондуктордың дауыс көтеруге құқығы жоқ. Бұл үшін кондуктор тәртіптік жауапкершілікке тартылады. 
 
Орын алған ұрыс-керіске қоғамдық көліктің жолаушылары араласып, ер адамды сабырға шақыруға тырысқан. Бұл бейнекамераға түсіп қалған видеода жазылған. Жолаушы наразылық тудырған ер адамды сабырға шақыруға тырысқан, дегенмен бейнеге түсіруін тоқтатпаған. 
Келеңсіз оқиға қоғамдық көліктің жолаушылары мен кондукторы, наразылық тудырған ер адамның арасында қарқын алып, дау-дамайға ұласқан. Жолаушы дәл осы сәтті әлеуметтік желілерге салып, бейнені таратып жіберген. 
Қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру мақсатында Астанада көлік қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру орталығы жұмыс істейді. Ол жерде қоғамдық көліктің қызметкерлері психологиялық тест, жол көлік қозғалысының ережелерін білу, техникалық тәртіптің кәсіби негізі бойынша оқылымдар сияқты халықаралық стандартқа негізделген оқудан өтеді. Жолаушыларға қатысты мәдениетті сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. 
 
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір