• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:11:07
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2018 NEWS

Астанада жаңа босанған әйелдердің өлімі неге көбейді?

Астанадағы жаңа босанған ананың өлімі туралы дәрігерлер пікір білдірді.

Астанадағы жаңа босанған ананың өлімі туралы дәрігерлер пікір білдірді. Астанада өткен брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова №1 перинаталдық орталықта қаза болған әйелге қатысты мән-жайды айтып берді.

«1 қыркүйекте сағат 22.20-да бесінші өлім тіркелді. Бұл күтпеген жерден болған оқиға. «Шарана суынан туындаған эмболия» атты алдын-ала диагноз қойылды. 2 қыркүйекте патологанатомиялық ашу жасалып диагноз нақтыланды. Алайда әлі де нақты ештеңе айта алмаймыз. Гистологиялық зерттеуден кейін бір апта көлемінде бәрі анықталады», - деді Әлия Рүстемова.

Рүстемованың айтуынша, эмболия көп жағдайды жаңа босанған әйелдердің қаза болуына әкеп соғады.

«Әйелдің жүрек қағысы тоқтаған соң, сәбиді аман алып қалу үшін кесуге тура келді», - деді дәрігер.

Ал штаттан тыс акушер-гинеколог Тван Корканның айтуынша, бұл жағдай жыл басталғалы бесінші рет болып отыр.

«Бар кінәні дәрігерлерге артып қою – қателік. Алайда бүгінде жүктіліктен еш қиындықсыз өтіп, ауру-сырқаусыз сау баланы дүниеге келу -15 пайыз әйелде ғана кездеседі. Әрі жүкті кезде ондай болжам жасау мүмкін емес. Әйелдердің 90 пайызы дерлік эмболиядан көз жұмады. Бұл әлемдік статистика, оны басқару күрделі. Әрине жағдай қиын, дәрігерлер де қолдарынан келгенше тырысып бағады. Бір адамның ажалы бірнеше дәрігердің мұңы». – Иван Коркан.

«Бала аман-есен дүниеге келді, ол өмір сүретін болады», - деп сөзін қорытындылады Коркан.

Айта кетейік, 21 маусымда №1 перинаталдық орталықта бір әйел қайтыс болды. Сол айдың 25-інде екінші әйел көз жұмды. №2шілдеде тағы біреуі ажал құшса, 16 шілдеде №2 перинаталдық орталыққа сәбиімді қолыма аламын деп келген ана бақилық болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір