• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:53:07
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 Аймақтар

Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды

Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады

Бүгін қалалық мәслихаттың XXVII кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар Астана қаласы Есіл ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Есіл ауданының әкімі қызметіне Төлеген Закарьяновтың кандидатурасы ұсынылды.

«Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов стратегиялық тұрғыдан маңызды деген басқармалардың біріне жетекшілік етіп, қаладағы ірі жобалардың іске асырылуына өзінің сүбелі үлесін қосқан болатын. Оның мол тәжірибесі бар. Ол аймақтарда, министрліктерде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді», - деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев. 

Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір