• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:24:06
Алматы
+35°

05 Қыркүйек, 2018 NEWS

Астанада халық саны өсіп келеді

Үш ауысымды мектептердің пайда болуы ол демографиялық және көші-қон мәселесіне байланысты.

Былтыр Астанаға түрлі өңірлерден 80 мың адам қоныс аударған. 80 мың адамның 17 мыңы балалар екен. Мұндай жағдай әлеуметтік жүйеге, сонымен қатар, мектепке жүктеме түсіріп отыр. Осы проблеманы шешу жолында Астана қаласында жылда шамамен 15 орта білім ордасы салынуы тиіс, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған қиындықты 2015-2017 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасының «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағытын іске асыру бойынша мемлекет бюджетінен және Ұлттық қордан бөлінген қаражатты мақсатты игеруге арналған «Нұр Отан» фракциясының жанындағы жиында талқыланды.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың мәліметінше, оқушылардың үш ауысымды мектептерде оқып жатқаны ол демографиялық және көші-қон мәселесіне байланысты болып отыр.

«Қазақстандағы халық санының өсімі жылда 230 мың адамға көбейіп отыр. Жекелеп айтар болсақ, Елордамыз Астана, оңтүстік Астана Алматы, Шымкент пен Алматы облысы  мен Түркістан облысында табиғи және көші-қон мәселесіне байланысты жылда тұрғындардың  саны 40-50 мың. Сондықтан, қоғамдық инфрақұрылым осы іс-шараларға үлгермей жатыр. Себебі, Қазақстанда жылда ел бюджетінің есебінен 10 мектеп салынуы тиіс. Ал Астанада 15 мектеп салыну керек», - дейді Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Бұл ретте Бибігүл Асылова инвесторларды мектеп құрылысына ынталандыру қажет екенін айтады.

Қазақстан Республикасының үш жылдық бюджеті мектептердің құрылысы мен студенттік жатақхана құрылысына бөлінеді.

«Қазіргі таңда Қазақстанның барлық өңірлерінде мектеп салуға ниетті кәсіпкерлер бар. Осы мақсатта жұмыс істеп жатыр», деді Бибігүл Асылова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір