• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:39:50
Алматы
+35°

06 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Астанада саяхат-журналистиканың соңғы жаңашылдықтары мен туризмді дамыту жолдары айтылады

7 желтоқсанда өтетін TravelMediaTalks бағдарламасы БАҚ, мемлекеттік органдар өкілдері мен маркетологтар үшін арнайы екі шебер-сағаттарын қамтиды

7 желтоқсанда өтетін TravelMediaTalks бағдарламасы БАҚ, мемлекеттік органдар өкілдері мен маркетологтар үшін арнайы екі шебер-сағаттарын қамтиды.

Шебер-сағаттарын трэвел-журналистика және туризмді көтермелеу бойынша жаттықтырушы, «Вояж» журналының бас редакторы, 25 экскурсиялық жобаларының авторы және che-che.ru сайтының блогері, Ресейден арнайы шақыртылған Ольга Чередниченко жүргізеді.

Алғашқы тренингтің атауы «Саяхат туралы не және қалай жазу керек. Саяхат-журналистикасындағы соңғы үдерістер». Аталмыш тренинг БАҚ өкілдеріне, блогерлерге, қоғамдық пікір көшбасшыларына әсіресе пайдалы болмақ. Семинарға қатысушылар трэвел-журналистика әлеміндегі соңғы үдерістер қандай, саяхат туралы мәтіндерді құру және тарату үшін не білу қажет, сонымен қатар саяхаттан алған әсерді өзін-өзі дамытуға қалай бағыттау керек екендігін біле алады. Ольга Чередниченко ел мен әлем туралы посттарды қалайша соңына дейін оқуға құмарланатындай етіп жазу керек және әлеуметтік желідегі достарға оны тарату тақырыбына ерекше көңіл бөлетін болады.

«Мен Қазақстандағы шығармашылық топ өкілдерін отандық саяхат-журналистикасын дамытуда өзіндік үлес қосулары үшін шабыттандыру мақсатында жеке өзімнің көзқарасыммен бөліскім келеді.

Мәтін жазу үлгілері, сценаристтердің әдістерін қолдана отырып оқиғаларды айту, жеке бренд желісін құру, SEO және SMM арқылы блог жүргізу, өз еңбегінді жетілдіріп, тапсырыстарды, байланыстар мен пресс-турларды іздеп табу секілді тәжірибелік дағдылар трэвел-журналисттер үшін аса маңызды. Бірақ, бұл мамандықта менің ойымша, бұдан да маңыздырақ нәрсе бар.

Саяхаттау – ең мықты психотерапия құралы екендігіне сенемін. Арнайы кілтіңіз болса ғана... Сіздің жолыңызда кездесетіндердің барлығы Сіздің ішкі жұмысыңыз үшін дәл қазіргі уақытта ең керек білім. Сондықтан да соңғы 11 жылдан бері мен жоғарыда атап көрсеткендерімнен бөлек, саяхаттаудан алған әсерді өзін-өзі дамыту энергиясына айналдыру құралдарын зерттеп, ең қажетін таңдап келемін.», - дейді Ольга Чередниченко.

Ольганың екінші семинары ең алдымен саяхаттау маркетингімен байланысты болып, «Туризмді қалай дамыту керек» жөнінде. Бұл семинар БАҚ және блогерлермен тиімді жұмыс жасау бойынша тренинг форматында өткізіледі.

Ольганың «Туризмді дамыту» шебер сағаты туризм саласындағы мемлекеттік орган, кәсіпкерлер, туроператорлар, бірлестіктер мен агенттіктердің өкілдеріне әсіресе пайдалы.

Тренинг қатысушылары бүгін де туризмді насихаттауда қандай әдістер ең өтімді, туризмді дамыту жолдарының ішіндегі ең тиімділері және оларды қалай жүзеге асыру керектігі жөнінде біле алады. Ольга жергілікті деңгейдегі жарнамаға ерекше көңіл бөле отырып, жылтыр журналдар, БАҚ және жеке блогтарында жүргізген сәтті тәжірибесіндегі саяхат туралы кейстермен де бөліспекші.

Сондай-ақ, Ольга әртүрлі аумақтар мен мемлекеттердегі, соның ішінде Қазақстандағы да туристтік брендті қалыптастыру саласындағы негізгі құралдар мен міндеттерді эксперттік бағалауымен бөліседі.

«Мен бұрын-соңды Қазақстанда болып көрмедім. TravelMediaTalks медиа-форумы сіздерге алғаш барып көруде себепкер болып отыр. Бірақ, мен көптен бері Қазақстанды көруді армандап келемін. Біріншіден, менің жолдасымның ұлтының төрттен бір бөлігі – қазақ. Екіншіден, революция және азаматтық соғыс кезеңінде менің үлкен атам Қарқаралы маңында тау-кен зауытының бас инженері болған. Мен оның жергілікті тұрғындарды сипаттап жазған хаттарын сақтап қойдым.

Қазақстан туралы естігенде ең алдымен ойыма келетіні - Астананың «тас джунглилары», өңірлердегі өзге табиғат, «Дикое поле» ресейлік фильмі, бақсылар және ең ауқымды іскерлік шаралары. Меніңше, астананың заманауи стилі мен табиғат тазалығының энергиясы – Қазақстанның өзіндік ел бренді секілді. Бизнес және эко-туризм де. Солай ма, мен дұрыс айттым ба?» - деп Ольга пікірін білдіре отырып, жоспарланып отырған форумның негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстанда отандық туристтік брендін құру бойынша бар үлгілерді таныстыруға айрықша мән беруде. Аталмыш бөлім TravelMediaTalks-тегі басты шараларының бірі болмақ.

Айта кетейік, Ольга Чередниченко ММУ-де журналистика факультетін тәмамдады, Парижде тәжірибеден өтті, «Мосфильмде» сценарист, «Эксмо» баспасында туристтік әдебиеттің редакторы, ТНТ пиарында редактор, MTV пиарында бас редактор болып қызмет етті, Cosmoда бөлігін жүргізді.

РБК, Elle, Москва-24 каналы, ТАСС ақпарат агенттігі, «Вести», «Маяк» радиотолқындары, «Комсомольская правда» және көптеген БАҚ Ольганың жолсілтемелерін оқуға ұсынады. Оның «Париж бойынша қызғылт түсті жолсілтеме» атты туындысын 100 мыңнан аса адам сатып алды.

Бүгін де Ольга ММУ-нің журналистика факультетінде, Жоғарғы Экономика мектебінде, VisitRussia, «Отдых», «Красная площадь», ММКВЯ, «Библионочь» фестивальдері мен көрмелерінде дәріс оқиды. Ресей және көрші елдердегі туризм министрліктерінің шақыртулары бойынша көшпелі семинарлар өткізеді. 

2018 жылы «Вояж» саяхат туралы ресейлік көне журналдың ребрендингін өткізді.

 

TravelMediaTalks форумы 7 желтоқан күні Астана қаласы, Marriott қонақ үйінде сағ.09:00-де бастау алады. Шараның басты тақырыбы – «Жаһандық цифрландыру кезеңіндегі туризм: жаңа толқынға бағыт».

Жобаның негізгі тұжырымдамасы дискуссиялық алаң мен TED Talks шеңберінде жүзеге асқан көпшілік алдында сөйлеу форматы тәжірибесінің элементтерімен бірлескен, қысқаша презентациялық көрсетілімдері, дәрістері мен шебер-сағаттары бар жеке спикерлерге жүктелген негізгі рөлді қамтиды.

Шара аясында еліміздің туристтік бренді тұжырымдамасының көрсетілімі мен оның медиа-индустрия және маркетинг саласындағы мүмкіндіктері жөнінде презентациясы өтеді.

Сондай-ақ, бағдарлама болашақтағы туризмнің даму жоспары мен ғаламдық үдерістері жөнінде айтылатын пікірталас алаңын, тренингтер мен семинарларды қамтиды.

Күні бойына 6 мемлекеттен, оның қатарында Великобритания, Ресей, Украина, Белоруссия және Қырғызстаннан келген туризм және медиа саласындағы сарапшылар өздерінің жеке көзқарастарымен бөлісетін болады.

Заманауи туристтер бейнесі қандай және ол digital-өзгерістер әсерінен қалай өзгереді? Қазақстан өзінің мемлекеттік туристтік брендін қалыптастыра алды ма? Саланы дамытудағы негізгі кедергі қандай? Неліктен сторителлинг, контент-маркетинг және ивент-менеджмент туристтік маркетингтің ең тиімді құралдары болып келеді? Аудиториямен байланыс орнатуда туристтік индустрия

қандай мәселелерге төтеп беруі қажет? Осы және өзге де сұрақтарға TravelMediaTalks спикерлері жауап береді.

Форум ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің қолдауымен «KazakhTourism» ұлттық компаниясы» АҚ болып келеді.

Форумға кіру тегін. Тіркелу төмендегі сілтеме арқылы: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe0yOQP4KnZd0iA9GFc7iZM9gajMHCLphJHB_9E1KcpgtZISQ/viewform

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір