• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:14:55
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2017 NEWS

Астанада Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Қазақстан халқы Астанада Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршинді ақтық сапарға шығарып салып жатыр.

Бүгін Қазақстан халқы Астанада Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршинді ақтық сапарға шығарып салып жатыр.

Азаматтық жаназа сейсенбі күні таңертең М. Горький атындағы орыс драма театрында өтті. Жаназаға мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, парламент депутаттары қатысты. Жаңбыршин Ұлттық пантеонға жерленеді. 

"Қозеке елдің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, өз үлесін қосты, соңынан өшпес із қалдырды. Мемлекет те мұны бағалады. Біз мемлекет басшысы мен үкімет мүшелерінің атынан көңіл айтамыз", — деді ҚР ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары Асқар Мырзахметов. 

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин ақпанның 11-нен 12-не қараған түні қайтыс болған еді. Жүрек ауруынан бақилық болған Қозыкөрпеш Жаңбыршин 1960 жылы 2 шілдеде Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келген.

Ол мемлекет басшысының 2014 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы болып тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір