• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:58:05
Алматы
+35°

05 Маусым, 2018 Денсаулық

Астанада менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен жансақтау бөліміне екі жастағы бала жеткізілді. Ақпаратты Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрқан Сәдуақасов растады. Бұл жайында Tengrinews хабарлайды.

— Екі жастағы бала менингококктық инфекция жұқтырды  деген күдікпен ауруханаға түсті. Талдау нәтижелерін күтіп отырмыз. Денесінде бөртпе жоқ, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың жағдайына байланысты ештеңе айта алмаймын, - деді Сәдуақасов.

Бала Ақмола облысының Аршалы ауданында ұзақ уақыт тұрған.

«Баламен тек  ата-анасы ғана байланысқа түскен», - деді Н. Сәдуақасов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір