• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:39:50
Алматы
+35°

16 Шілде, 2018 NEWS

Астанада лагерге демалуға барған баланы өлтіріп тынды

9 шілде күні Астана қаласындағы «Арман» балалар лагерінде 15 жастағы бала соққыға жығылып көз жұмды

9 шілде күні Астана қаласындағы «Арман» балалар лагерінде 15 жастағы бала соққыға жығылып көз жұмды. Бұл жайында Танира Бондарева есімді желі қолданушысы өзінің парақшасында жазды.

«Бүгін таңертең маған жантүршігерлік хабарлама келді. Менің ұлыммен бірге лагерге барып, бір үстелден тамақ ішіп жүрген баланың ата-анасы қайғыдан қан жұтып отыр.

«Арман» лагерінде Семенцов Андрей Дмитриевич есімді 15 жастағы баланы соққыға жығып, аулаға тастап кетіпті. Астана қаласындағы №28 мекетптің оқушысы. Өмірі енді басталып келе жатқан бала еді. Лагер қызметкерлерінің барлығы түсініктеме беруден қорқып отыр, ал ондағы кішкентай балаларға бірдей текст жаттатқызып қойған. Бір шындықты жасырып отырғаны анық. Андрейдің денесінде сау жері қалмаған, көгерген, ұрған іздер көп. Ол баланың жоғалғанын да ешкім байқамаған, іздеу жұмыстары кештетіп басталған екен. Бір сағат өткеннен кейін Андрейдің денесі табылып, Көкшетаудағы мәйітханаға ата-анасынсыз алып кеткен. Неге баланың ата-анасын күтпеді? Балаларға Андрейді есін жиып, ауруханада жатыр деп айтқан. Ол жайында біреумен талқылауға да тыйым салып тастапты. Кім? Не үшін? Не себепті балаларды өлтіреді? Құзырлы органдар неге үнсіз отыр?» - деп жазады желі қолданушысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір