• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:43:00
Алматы
+35°

11 Тамыз, 2017 NEWS

Астанада кикбоксингтен салмақ өлшеу рәсімі өтеді

«Қазақстан» спорт кешенінде төртінші рейтингілік кәсіпқой жекпе-жектері өтеді

2017 жылдың 17 тамызында, сағат 19:00-де «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «STEPPE FIGHTERS» атты кикбоксингтен төртінші рейтингілік кәсіпқой жекпе-жекке байланысты салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Бұл шараға Қазақстаннан басқа, Өзбекстан, Украина және Иран елдерінен келген спортшылар қатыспақ. Салмақ өлшеу кешінде Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтары Темірлан Ихсанғалиев, Архат Мыңбаев, Жүсіп Сәбит, Шыңғыс Қайранов, Дәурен Ермеков, (Қазақстан), Сорроко Максим (Харьков, Украина), Мазиар Иари (Иран), Халиев Бердах (Қарақалпақстан, Өзбекстан), Хужаев Шукур (Өзбекстан), Артем Шоколо (Харьков, Украина) сияқты спортшылармен танысып,  олардың дайындық барысын тамашалайтын болады.

Ал, 18 тамыз күні сағат 19:00-де «Қазақстан» спорт кешенінде төртінші рейтингілік кәсіпқой жекпе-жектері өтеді. 

Айта кетсек, жыл соңына дейін спортшылардың арасынан өзара мықтыны анықтап, финалдан өткен ең мықты спортшыға «STEPPE FIGHTERS» белбеуі беріледі.  Бұл жекпе-жектің басты мақсаты – қазіргі күннің қазақ  батырлары мен Қазақстанды әлемге таныту. 

«STEPPE FIGHTERS» (Ұлы дала қаһармандары) жекпе-жегінің бас ақпарттық демеушісі «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның құрамындағы «Kazsport» телеарнасы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір