• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:31:11
Алматы
+35°

26 Қыркүйек, 2017 Аймақтар

Астанада ертең жылу қосылады

Қала әкімдігі ПИК өтінімі бойынша дайындық паспорттары болғанда жеке үйлерге де бір уақытта жылу беруге дайын

Астана әкімдігі мәлімдегендей, қазіргі уақытта Астананың энергия көздері, инженерлік желілері мен тіршілік етуді қамтамасыз ету нысандары 2017-18 жылдардағы жылу маусымын бастауға дайын, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласындағы Жылу маусымын өткізу қағидаларын бойынша сыртқы ауа температурасы орташа +10 °С және одан да төмен болғанда бес тәулік ішінде жергілікті  атқарушы органмен жылу маусымын бастау туралы шешім қабылданады. Осы қағидаларға сәйкес, осы маусымда жылуды қосу мерзімі 27 қыркүйекте басталады. Алайда сыртқы ауаның оң температурасының өсуімен бұл мерзімдер түзетілуі мүмкін, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Дегенмен қазіргі уақытта әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарына (балалар бақшалары, мектептер, басқа балалар және оқу орындары, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандары) жылу беру жүзеге асырылады. Қала әкімдігі ПИК өтінімі бойынша дайындық паспорттары болғанда жеке үйлерге де бір уақытта жылу беруге дайын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір