• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:13:27
Алматы
+35°

01 Маусым, 2018 NEWS

Астанада ЭКСПО аумағындағы пәтерлердің бағасы белгілі болды

Нысандардың оранласқан жері қолайлы, қабаттар саны аз және бөлмелері ыңғайлы орналасқан. Ауласында тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған.

ЭКСПО-2017 аумағындағы тұрғын үй кешендері 1 маусымнан бастап сатылымға шығады. Бір шаршы метрдің бағасы 399 мы 900 теңге, ал бір көлік тұрағының бағасы 699 мың теңге.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаевтың айтуынша, нысандардың оранласқан жері қолайлы, қабаттар саны аз және бөлмелері ыңғайлы орналасқан. Ауласында тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған.

Пәтерге қол жеткізгісі келетіндерге талап - жеке тұлғалар Қазақстан азаматы болуы тиіс, ал заңды тұлғалар Қазақстан аумағында қызмет етуі және тіркелген болуы керек.

Баспананы азамат өз қаражатымен, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен қарыз алу арқылы немесе екінші деңгейлі банктен ипотека рәсімдеу арқылы алады.

Сонымен бірге, тұрғын үйдегі шоу-румға барып, пәтердің орналасуымен танысып, мүлікті сатып алу бойынша ақыл-кеңес алуға болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір