• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:40:35
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2017

АСТАНАДА "БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ 3" РУХАНИ-ПАТРИОТТЫҚ КЕШІ ӨТЕДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Өнер қырандары» театрының «Берекелі...

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Өнер қырандары» театрының «Берекелі мереке-3» атты рухани-патриоттық кеші өтеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі muslim.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Рухани кештің мақсаты - қасиетті Рамазан айы қарсаңында мұсылмандарды бес парыздардың бірі ораза құлшылығын өтеуге құлшындырып, халыққа насихат жасау. Бұл жаңа бағдарламада «Өнер қырандары» театрының орындауында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен үзінділер, қоғам руханияты мен салауатты өміріне кері әсерін тигізетін әлеуметтік мәселелер тақырып етіп алған тағылымды театрландырылған қойылымдар орын алады. Сондай-ақ, рухани кеште діни әндер мен жырлар орындалады. Кешке белгілі өнер жұлдыздары қатысады.

Осы жаңа бағдарламамен ҚР басқада қалаларына гастрольдік сапарымен шығады. Ел алдында жүрген абыройлы азаматтар Жаратқанын таныса - ең үлкен өнеге осы. Әзілдің астарымен өмірдің ақиқатын жеткізе білген өнерлі жігіттерге қолдау білдірейік. Концертке келіңіздер!

Айта кетейік, аталған жоба 2015 жылы ағаш рет Алматы қаласы, Студенттер сарайында және 2016 жылы Алматы қаласы, Республика сарайында көрермен назарына ұсынылып, олардың ыстық ықыласына бөленіп қана қоймай, «31» телеарнасының көрермендері тарапынан ең көп тамашаланған бағдарламалардың қатарына енген болатын.

Рухани кештің өтетін жері: Астана қаласы, "Қазақстан" орталық концерт залы, 19 мамыр күні сағат 19:00-де басталады.

Билеттер Астана қалалық мешіттерінде сатылады.

Анықтама телефоны: +7 771 466 62 78

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір