Астанада Алаш арыстарының шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

Астанада Алаш арыстарының шығармалар жинағының тұсаукесері өтті
Ⓒtilalemi.kz

Астанада «Елбасы Жолдауы: жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өтті. Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған шара барысында қазақ тіліндегі энциклопедиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, танымдық мазмұнда шығарылған 36 кітаптың тұсаукесері өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық академиялық кітапханада зиялы қауым өкілдері бас қосып, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып, ондағы тіл мәселесіне кеңінен мән берді. Латын әліпбиіне көшудің маңызы мен ел қолдауы сөз болды.

Ахмет Байтұрсынұлы

«Жалпы, Елбасының Жолдауы жан-жақты талқыланып жатыр. Жолдауда мынадай бір екі фраза бар: Мемлекет басшысы «Қазақ тілін халықаралық деңгейге көтеру» деген мәселені көтерді. Оны қалай көтереміз? Оның қандай жолдары бар? Не істейміз? Екінші мәселе, көп Жолдауларда болған емес, идеал туралы сөз айтты. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін меңгерген, озық ойлы, көзқарасы бар азаматтар қоғамымыздың идеалына айналу керек деді. Бір сөйлемнің артында қанша астарлы ой жатыр . Сондықтан, бұл мәселеге келгенде Тіл комитеті біраз жұмыс жасау керек секілді. Мемлекеттік тіл мәселесін тек комитет жұмысы деп қарамай, зиялы қауым, Парламент депутаттары, тіл жанашырлары барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көтергені дұрыс деп есептеймін», - деді Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы.

Сонымен қатар сенат депутаты үштілділік мәселесін көтеріп, мектептердегі ахуалға тоқталды. Өз ойын «мемлекеттік тілді үйретуге келгенде мемлекет қаржысын аямауымыз керек» деп түйіндеді.

Ахмет Байтұрсынұлы

Рас мемлекеттік тілге келгенде мәселенің шырмауы шешілмей тұрғаны анық. Десе де Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының бүгінгі басқосуда жұртшылыққа жария еткен жұмыстары талай тірліктің кезең кезеңімен жасалып жатқандығын көрсетеді. Мәдениеті мен ғылым-білімі дамыған елдің энциклопедия шығарары анық. Ал қазақ халқының ұлы перзенттеріне арналған энциклопедиясы санаулы ғана. Бүгін міне сол санаулы сан Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының энциклопедиясымен толықты. Сонымен қатар оқу-әдістемелік, анықтамалық, танымдық мазмұндағы 70 кітап жарық көрді.

«Арнайы құрылған комиссия 400 кітаптың 70-ін таңдап алды. Әр саланың кітаптарын саралап отырып, іріктеп алды деп айта аламын. Ең алдымен энциклопедиялық әдебиеттерге тоқталсам, Ахаңа (Ахмет Байтұрсынұлы) арналған энциклопедия. Оған 700 беттен астам материалдар жинақталды. Ахаң туралы, оның еңбектері жайында жазған авторлар түгелге дерлік жұмылдырылды. Сонымен қатар «Алаш қозғалысы. Балаларға арналған анықтамалық» атты балаларға арналған екі кітап шығардық. Нақты Алаш қозғалысына қатысты Сәбит Дөнентаев, Ғұмар Қараш, Бейімбет Майлин, Әсет Найманбайұлы секілді Алаштың тұлғаларының шығармалары жинақталды»,- деді Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов.

Сондай-ақ, Т.Шонановтың 4-ші, 5-ші томдық шығармалар жинағы, Ш.Айтматовтың "Тау құлаған романы" (аударған Н.Қами), Ш.Құрманбайұлының "Көркем аудармадағы жаңа атаулар: жасалуы мен қолданысы" кітабы, «Қазақ сөзі» қазақ тілінің белсенді лексика-грамматикалық минимумының әдістемелік кешені, «Оқу құралы + мультимедиялық бағдарламасы (СД диск)», «Қазақ сөзі» қазақ тілінің белсенді лексика-грамматикалық минимумының әдістемелік кешені, «Украин тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік құрал», «Балаларға базарлық» (Ана тілін үйрету құралдары), «Сөз сыны», «Қазақстанның 700 тарихи орыны» жинақтары, «Алаш қозғалысы» жинағы, «Әдістеме әлемінде» (ғылыми-әдістемелік жинақ), «Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш» кітабының испан-қытай-араб-ағылшын тілдеріне арналған нұсқалары, т.б. туындылар оқырманға жол тартты.

Шара барысында Тілдерді дамыту комитетінің тапсырысымен дайындалған Ұлттық арна эфирінен көрсетіліп жүрген «Енші» зияткерлік-танымдық телесайысы мен балаларға арналған «Сөз қасынасы» анимациялық фильмі таныстырылды.

«Енші» зияткерлік-танымдық сайысына 1200-ден астам талапкер өз өтініштерін білдірді. Еліміздің бес аймағында (Ақтау, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Алматы) және Астана қаласында іріктеу турлары өткізілді. Өзге өңірлер үшін онлайын іріктеу ұйымдастырылды. Нәтижесінде 48 үміткер телесайыс жолдамасын иемденді. Қазіргі таңда бағдарлама Ұлттық арна эфирінен берілуде. Ал «Сөз қазынасы» анимациялық фильмі «Балапан» арнасынан көрсетілетін болады»,- деді Е.Тілешов.

Ахмет Байтұрсынұлы

Тілдерді дамыту комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының көпшілікке ұсынар тартуы мұнымен бітпеді. Шара соңында жаңадан іске қосылған үш сайт таныстырылды. Атап айтар болсақ, үштілде ақпарат таратып, тіл үйренуге арналған «TilMedia.kz», құжат айналымына қолғабыс ететін «Qujat.kz», балалардың қазақ тіліндегі қызықты әрі көңілді әлеміне айналған «balatili.kz" сайттары ел игілігіне ұсынылды. Ақпараттық қоғамда қазақ тілінің аудиториясын арттыратын аталған сайттарға зиялы қауым өкілдері оң бағасын берді. Олар сайттардың білім беру мекемелерінде де кеңінен қолданылуын, оларды оқу-әдістемелік құрал ретінде енгізуін Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып қарастыру қажеттігін айтты.

Шарада депуттаттар мен ұлт зиялыларының пікірі тыңдалып, авторларға сөз берілді. Олар жасалған жұмыстардың бағасын беріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Жаңа Зеландияда 51 адамды өлтірген қанішерге қарсы айыптау ісі басталды
    21/05 16:50 0 5
    2
    "Тірісінде болмап еді бағалы..."
    21/05 16:41 0 51
    3
    Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады
    21/05 16:24 0 53
    Головкин-Роллс жекпе-жегін қазақстандықдар қаншада тамашалай алады?
    21/05 16:22 0 62
    "1 секундта ақшаңыздан айырыласыз": Әккі алаяқтардың жаңа айласы қандай?
    21/05 15:55 0 121

    Таныстырылғандар

    Қабыл болған ата-ана тілегі: Тоқаевтың президент болуын сұраған
    Қабыл болған ата-ана тілегі: Тоқаевтың президент болуын сұраған
    Қабыл болған ата-ана тілегі: Тоқаевтың президент болуын сұраған
    "Мен сол кезде осындай бақытты әрі жауапкершілігі мол тіршілік біздің Жомартқа да бұйырғай деп тілек тіледім.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 14:33 0 698
    Бос уақытта қандай пайдалы іспен шұғылдануға болатынын білесіз бе?
    Бос уақытта қандай пайдалы іспен шұғылдануға болатынын білесіз бе?
    Бос уақытта қандай пайдалы іспен шұғылдануға болатынын білесіз бе?
    Статистика бойынша біз бір аптада 8,5 сағатқа жуық уақытты әлеуметтік желілерде: газет, журнал, радио, TV, интернетте өткіземіз.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 16:26 0 364
    Баннер үшін сотталған Бейбарыс Толымбеков әскерге аттанды
    Баннер үшін сотталған Бейбарыс Толымбеков әскерге аттанды
    Баннер үшін сотталған Бейбарыс Толымбеков әскерге аттанды
    Бейбарыс Толымбеков әскери борышын Жамбыл облысындағы Отар әскери гарнизонында өтейтінін айтқан
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 16:53 0 765
    "Ұлы даланы ұран ғып" жаңа ән жарыққа шықты
    "Ұлы даланы ұран ғып" жаңа ән жарыққа шықты
    "Ұлы даланы ұран ғып" жаңа ән жарыққа шықты
    Құлақты айтасыз, көзіме сайын даланы еркін жайлаған Сақ бабалар елестегендей болды...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 18:21 0 464
    Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
    Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
    Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
    Аян Дүйсембаевты қызметтен босатуды сұрады
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 18:32 0 1005
    Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
    Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
    Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
    Кейін министр өзінің бір күндік өмірі турал айтып берді.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 22:46 2 1775
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Бұрын-соңды ешбір сайлауда ел халқы дәл бұлайша, білек сыбанып, белсенділік танытқан емес.
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 14:01 0 2238
    Жол апаты әйел адамның өмірін жалмады (видео)
    Жол апаты әйел адамның өмірін жалмады (видео)
    Жол апаты әйел адамның өмірін жалмады (видео)
    Жарақат алған әйел адам оқиға орнында көз жұмған
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 14:01 0 997
    Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасаған кім? (видео)
    Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасаған кім? (видео)
    Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасаған кім? (видео)
    Белгісіз ер адам актердің арқасынан екі аяқпен тепкен
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 18:11 0 806
    Бірнеше банкротты бастан кешкен бизнесмендер баяны
    Бірнеше банкротты бастан кешкен бизнесмендер баяны
    Бірнеше банкротты бастан кешкен бизнесмендер баяны
    Кәсіпкердің айтуынша, жоба жүзеге асып, қолданысқа енгеннен кейін барлығы ойындағыдай жұмыс жасай бастаған.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 02:59 0 158
    Алматыда алаяқтық жолмен ақша ұрлаған "салафит" ұсталды
    Алматыда алаяқтық жолмен ақша ұрлаған "салафит" ұсталды
    Алматыда алаяқтық жолмен ақша ұрлаған "салафит" ұсталды
    Алайда ер адамның діни некеде тұрған әйелі де болған.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 13:32 0 901
    Қадыров жас талантқа пәтер сыйлады
    Қадыров жас талантқа пәтер сыйлады
    Қадыров жас талантқа пәтер сыйлады
    Грозный қаласының орталығынан, жиһаздармен жабдықталған 3 бөлмелі пәтерді сыйға тартты
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 13:58 0 274
    "Журналист болғың келе ме?" байқауы өз мәресіне жетті
    "Журналист болғың келе ме?" байқауы өз мәресіне жетті
    "Журналист болғың келе ме?" байқауы өз мәресіне жетті
    Форумды Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы кіріспе сөзбен ашып, байқауға қатысушыларға сәт-сапар тіледі.
    19/05/2019 03:54 0 38
    Жазда балалар қайда демалуы қажет?
    Жазда балалар қайда демалуы қажет?
    Жазда балалар қайда демалуы қажет?
    Күләш ханымның айтуынша балаларға бар жағдайды жасау үшін қазіргі таңда қосымша демеушілерді қарастырып жатыр екен.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 12:44 0 173
    "Nur Otan" наразылардың назына қандай жауап қатты? (видео)
    "Nur Otan" наразылардың назына қандай жауап қатты? (видео)
    "Nur Otan" наразылардың назына қандай жауап қатты? (видео)
    "Қазақстандағы қазіргі кредиттік жүйе халықтың емес, банктің ғана пайдасына жұмыс жасап тұр" деп есептейді.
    21/05/2019 15:03 0 417