• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:40:17
Алматы
+35°

04 Қазан, 2018 Аймақтар

Астанада 10 күннің ішінде баспаналы болуға мүмкіндік бар

Мәулен Әшімбаев жас отбасын құттықтап, бұл Елбасы бастамаларының нақты нәтижесі екенін айтты

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың Астанада «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау барысында белгілі болды.

Азамат пен Жанар Астанаға Балқаш қаласынан көшіп келген. Бір жыл бойы пәтер жалдап тұрған олар, «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болған жас отбасылардың бірі. Олар құжаттарын тиісті жерлерге өткізгеннен кейін бар болғаны 10 күннің ішінде өз пәтерлерінің кілтін қолдарына алған.

Нұр Отан

«Енді біздің де Астананың қақ ортасында өз үйіміз бар. Мемлекеттік бағдарлама арқылы «Millennium Park» кешенінен екі бөлмелі пәтерге қол жеткіздік», – дейді қуанышы қойнына сыймаған Азамат Қонаев.

Мәулен Әшімбаев жас отбасын құттықтап, бұл Елбасы бастамаларының нақты нәтижесі екенін айтты. Сондай-ақ ол бес әлеуметтік бастамада көтерілген мәселелердің барлығы Астана үшін өте өзекті екеніне назар аударды.

– Астана – еліміздің бас қаласы. Уақыт өткен сайын жан-жақты дамып, тұрғындар саны да артып келеді. Бүгінде елордамызда 1 миллионнан астам халық тұрады. Сондықтан Астана үшін баспана ең өзекті мәселелердің бірі. Осы ретте Елбасының бес әлеуметтік бастамасы, соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бұл мәселені шешуге және қазақстандықтардың өз баспаналарына қол жеткізуіне үлкен септігін тигізіп отыр. Сол себепті бағдарламаға халық, соның ішінде астаналықтар көбірек қатысып, мүмкіндікті мүлт жібермеуі керек, – деді Мәулен Әшімбаев.

Нұр Отан

«7-20-25» бағдарламасының операторы «Баспана» ипотекалық ұйымының мәліметіне сүйенсек, биылғы 1 шілдеден бастап Астанада жалпы сомасы 12,7 млрд. теңгені құрайтын 840 өтінім қабылданған. Оның ішінде 8,8 млрд. теңгені құрайтын 584 өтінім мақұлданды.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов және партия Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов бастаған топ «Жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бастамасын іске асыруға қатысушы «Әл-Қуат» хостелінде болды. Бүгінде елордада жоғары оқу орындары мен колледждердің 16 мыңға жуық студенті жатақханаға мұқтаж. Осы мәселені шешу үшін қалалық әкімдік ЭКСПО халықаралық көрмесінен кейін бос қалған хостелдерді уақытша жатақхана ретінде пайдалануды қолға алған. Бұл әрине пилоттық жоба. Яғни алдағы уақытта жаңа жатақханалар салынады. Бірақ соған дейін студенттер осындай орындарда тұрмақ.

Айта кетейік, банктер биыл шілде айынан бастап «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беруді бастап кетті. Ал жеңілдетілген ипотеканы кімдер ала алады? Бұл сауалға ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жауап берді. Айтуынша, ипотекалық бағдарламаға тұрақты жұмыс бар кез келген адам қатыса алады. Алайда ол азаматтың атында баспана болмауы тиіс. Және несие тарихы да дұрыс болуы керек. Бұдан бұрын Елбасы «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық банк пен Үкімет бірлесіп жұмыс істеу керек.

«Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек. Ұлттық банк кемінде 1 триллион теңге қаржыны тартатын арнайы компания құрып, оны банктердің жоғарыда айтылған шарттарына жауап беретін жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсауы қажет. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде миллион қазақстандық баспана алу мүмкіндігіне ие болады», – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір