• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:19:01
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2018 NEWS

«Астана сазы» фольклорлық ансамблі Италиядағы гастрольден жеңіспен оралды

«Астана сазы» фольклорлық ансамблі мен мемлекеттік «Forte trio» триосы Италиядағы гастрольден үлкен жеңіспен оралды

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Астана сазы» фольклорлық ансамблі мен мемлекеттік «Forte trio» триосы Италиядағы гастрольден үлкен жеңіспен оралды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Қазақконцерт» шығармашылық ұжымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2018 жылдың 26-30 сәуір аралығында Дж. Россини атындағы XV Халықаралық музыкалық байқауға қатысты. Атаулы байқау Италияның Пезаро қаласында өтті. 

Астана сазы

Қазақ өнерін лайықты деңгейде көрсете білген «Астана сазы фольклорлық ансамблінің артистері «Халықтық орындау» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды. Италияндық көрермен Құрманғазы, Кетбұға, Ықылас, Д.Нұрпейісова, С.Тұрысбектің күйлеріне тамсанды. Бұл күйшілердің туындыларын А.Орманбек, Н.Якиев, А.Омарова домбыра мен қобызда орындады.

Астана сазы

Талантты музыкант М.Нарбеков виоланчельде керемет туындыларды көрсетіп, «Жеке орындау», Д.Мирмановамен бірге «Камералық орындау» номинацияларында бірінші орынды иеленді. Концертте италияндық көрермендерге атақты европалық композиторлардың, соның ішінде И.С.Бахтың №2 сюитасын, С.Рахманиновтың виолончель мен фортепианоға арналған сонатасының III бөлігін, Р.Шуманның «Фантастические пьесы», сонымен бірге «Моисей в Египте» тақырыбында түрлі тамаша шығармалары орындалды. Халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша үздік шыққан өнер шебері М.Нарбеков Дж.Россини атындағы арнайы сыйлықтың иегері атанды.

Астана сазы

Байқауға қатысудан тыс, «Астана сазы фольклорлық ансамблінің шебер орындаушылары мен «Forte trio» триосының атақты артистері «Градара» көне қамалында жеке шығармашылық концертін өткізді. Бұл концертте еуропалық композиторлардың туындылардан бөлек, қазақ фольклорлық музыкасының ғажайып шедеврлерін және А.Райымқұлованың «Bridge of Times» композициясы сияқты заманауи қазақстандық композиторлардың да туындылары орындалды. Отандық артистердің бұл өнері көрермендерді тамсандырып қана қоймай, қазақ өнеріне деген қызығушылықтарын оятты. Музыканттар біздің ұлттық ерекшелігімізді халықаралық мәдениетті ортада еліміздің үздік музыкалық шығармаларымен көрсете білді.  

Астана сазы

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының жасампаздық ұжымдары ұлттық мәдениетіміздің шетелдегі деңгейін көтеру мақсатында алда да әлемдік ареналарды бағындыру ниетте. Осындай қазақстандық артистердің халықаралық байқаулардағы өнер көрсетуі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты жобасының жүзеге асуына елеулі үлес болып есептеледі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір