• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:33:09
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2017 Әлеумет

Астана іргесіндегі Қосшы ауылын су басуы мүмкін

Астана іргесіндегі Қосшы ауылын су басуы мүмкін деп хабарлайды

Астана іргесіндегі Қосшы ауылын су басуы мүмкін деп хабарлайды Қамшы АА «Астана» арнасында шыққан Елдос Сапарғалидың сюжетіне сілтеме жасай отырып. Бұл синоптиктердің болжамы.

«Астана» телеарнасына берген сұхбатында гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы осындай мәлімдеме жасады. Ал өңірлерде қызыл судан задрап шеккен тұрғындар жаппай қауіпсіз аймаққа көшірілуде.

Дидар Жәнібекұлы, РМК «Қазгидромет» гидрология департаментінің директоры:  Қосшыға қауіп төніп тұр. Астанаға жетпей, Нұра өзені арнасынан шығуы мүмкін. Барлығы Қарағандыдағы су қоймасының жұмыс тәртібіне байланысты. Оған қоса Нұраға Қосшыға дейін орта жолдан қосымша еріген қар сулары қосылуы мүмкін. Бүгін Ақмола облысына Павлодардан қосымша күш тартылған. Олар апаттың алдын алуға ат салыспақ. Ал Атбасарда жарылған дамбаның жыры әлі біткен жоқ. Аудан әкімі Ішкі істер вице-министрі Илья Ильиннің ақпаратын жоққа шығарды. 200 миллионға салынғаны дамба емес, топырақтан жасалған бөгет. Ал жұмсалған қаржы 150 миллион екенін мәлімдеді.

Андрей Никишев, Атбасар ауданының әкімі: Ильин, ондай мәлімдеме жасамас бұрын, бұл дамбаны өзі көзімен көру керек еді. 2016 жылы судан қорғану үшін бес метрлік топырақ үйілді. Оған 63 миллион жұмсалған болатын. Өткен жылғы тасқынның салдарын жою үшін 23 миллион бөлінді. Сол 8 шақырымдық бөгетті нығыздап, бекіту үшін 95 миллион теңге жұмсалды. Жобалық сметалық құжатта "дамба" деп көрсетілмеген. Ал Қостанай облысында тасқын кезінде 3 адам қаза болды деген ақпаратты ресми органдар растамады. Қазір аймақта екі бірдей комиссия құрылған. Бұзылған үйлер мен қырылған малдың шығынын жергілікті билік өтемек.

Сергей Карплюк, Қостанай облысы әкімінің орынбасары: Облыс әкімі тасқын кезінде қырылған төрт түліктің өтемақысын төлеу туралы  шешім шығарды. Қырылған мал мен қираған үйлердің шығынын есептеу үшін 2 комиссия құрылды. Осы жұмыс топтары тасқынан келген шығынды түгел анықтайтын болады. Қазіргі мәліметке сәйкес, тек Қарасу ауданы бойынша 47 үйді  қызыл су басқан. Егер  ауыл тұрғыны үйімді жөндеймін десе, ақша беріледі. Басқа баспана алғысы келетіндерге де  қаражат  қарастырылып отыр. Бүгінде оралдықтар да тасқын суға қалмауға қамданып жатыр. Ресей су қоймасынан келе жатқан су Жайық арнасын 7 метрге көтеруі мүмкін. Сондықтан саяжай тұрғындары көшіп әлек. 48 паналау бекеті ашылып, жұрт бағалы дүниелерін тасып жатыр. Қалған дүние-мүліктеріне күзет қойылмақ. Билік өкілдері ит-мысықты да қамқорлықтарына алуға уәде берді.

 Нариман Төреғалиева, Орал қаласының әкімі: Сақтықта қорлық жоқ дейді, сондықтан бәріміз сақ болуымыз керек. Ұрлықтан қорықпаңыздар. Тауықтарды, мына көрші Подстепныйда таныстарыңыз болса, сол жерге. Егер нағыз жоқ болса, біз қазір бір шаруа қожалығымен келісіп жатырмыз, егер малы бар кісі болса, соған біз уақытша апарып қоя аламыз. Қазір Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында 52 ауылды су басқан. Топан су 120 жолды шайып, қазір жартысы қалпына келтірілген.



 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір