• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:50:52
Алматы
+35°

03 Тамыз, 2018 NEWS

Astana Hub стартаперлері жобалары сәтті іске асырылуда

Бұл туралы «Astana Hub» бизнес-сарапшысы Дәулет Айтмаханов Елорда Инфо тілшілеріне берген сұқбатында мәлімдеді

Ағымдағы жылы Astana Hub үш айлық жеделдетілген бағдарламаның бірінші легін іске қосып, бүгінгі таңда 4 жоба жұмыстарын сәтті аяқтады. Бұл туралы «Astana Hub» бизнес-сарапшысы Дәулет Айтмаханов Елорда Инфо тілшілеріне берген сұқбатында мәлімдеді.

Стартаптар – технологиялық бизнестегі инновацияның скауттары, сондықтан олар үшін қолайлы жағдай жасау және оларды қолдау Astana Hub-тың басты мақсаты. Қазіргі кезде Astana Hub-та 25 адам жұмыс жасайды.

«Жыл басында қолға алынған 14 жобаның 10-ы әрі қарай жұмыстарын жалғастыруда. Осы жолы 17 жоба акселераторда, ал 50 жоба инкубаторда. Жыл соңына дейін жобалармен осы қалыпта жұмыс жасау жоспарланып отыр», –  деді Дәулет Айтмаханов.

Бастапқыда жеделдетуге бағытталған бағдарламаға 90-ға жуық өтінім келіп түсті, оның ішінде қазақстандық жобалар және көршілес үш елден Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан өтінімдер болды. Бағдарламаға инкубатор болып 360 команда қатысқысы келді.

«Біз жай ғана идеямен ұсынылған жобаларды қабылдамаймыз, оған қарағанда құрамында жұмыс жасайтын бірнеше адамы бар, атқарылған жұмыс көлемі бар жобалармен жұмыс жасаймыз. Резиденттердің орта жасы 22-27 жастағы азаматтар. Осы күзден бастап жоғарғы оқу орынын енді ғана бітірген немесе студенттермен жаңа өнім шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, біздің құрамда 30-ға таяп қалған стартаперлер де бар. Олар өз жұмыстарына бейжай қарамайды, байыппен жүйелі түрде бизнеске жақындап келеді», – дейді Д. Айтмаханов.

Компанияда технологиялық кәсіпкерлер үшін қолайлы экожүйені құруға көмектесетін 8 бағыт жұмыс жасап тұр. Өнімдердің бірі акселератор – бұл үш айлық қарқынды бағдарлама, оның мақсаты қазірдің өзінде бар жобаларды дамытуды жеделдету. Одан басқа инкубатор бар, ол алты айға созылған жеделдетілген бағдарлама.

«Бұл неғұрлым пассивті бағдарлама болып табылады, оның мақсаты - стартаптарды жеделдетуге акселераторлауға дайындау және оларды қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету», – деп түсіндіріп өтті ол.

Бағдарламаға қатысушыларға арналған компания орналасқан ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі ғимаратында 2-5 адамға арналған жұмыс алаңы орналасқан. Одан өзге Ресейден шақырылған спикерлермен және сарапшылармен апталық оқыту семинарлары өткізіліп отырады.

Айта кетелік, семинарға қатысушылар акселератордың қатысушылары болып табылады, себебі акселератор ақылы бағдарлама болса, инкубатор тегін. Яғни, ақылы бағдарламаға көбірек назар аударылады, тек Қазақстандық емес, Ресейден өте білікті сарапшы мамандар шақыртылады. Көрші елдерден сарапшылардың келуі, қазіргі кезде еліміздегі IT саласы мамандарының  тапшылығынан орын алып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір