• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:01:36
Алматы
+35°

09 Сәуір, 2018 NEWS

Астана аялдамасында ер адамды соққыға жыққан күдікті ұсталды

Аялдамадағы ересек адамды белгісіз біреу соққыға жыққан видео әлеуметтік желіде таралды.

Астаналық полиция қызметкерлері автобус аялдамасында ер адамды соққыға жыққан күдіктіні ұстады. Бұл туралы Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 30 жастағы күдікті анықталып, бірден ұсталды. Оған қатысты тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.

Бұған қоса, зардап шегушіге қатысты шаралар қарастырылуда.

Айта кетейік, аялдамадағы ересек адамды белгісіз біреу соққыға жыққан видео әлеуметтік желіде таралды. Алайда, оқиғаға қатысты полицияға арыз түспеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір