• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:38:27
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2019 NEWS

"Астана атауын ауыстыруға наразы" тұрғынды полиция ұстады

Полиция тұрғынды ұстап жатқан сәтте қолындағы қаулыны оқып берді.

21 наурызда Астанада қала тұрғыны Зәуре Сағидолдинаны полиция ұстады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі azattyq радиосының дерегін негізге ала отырып хабарлайды. 

Сағидолдина қала әкімдігіне барып Астана атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуге қарсылық танытпақ болғанын айтады.

Қала тұрғынын екі полиция таңғы ондар шамасында әкімдікке кетіп бара жатқан жолда ұстап, полиция департаментіне алып кетті.

Полиция тұрғынды ұстап жатқан сәтте қолындағы қаулыны оқып берді. Қаулыда Сағидолдинаны елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қатысты қылмыстық іске куәгер ретінде шақырған. Полиция нақты қай қылмыстық іс екенін айтпады.

20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Ол "облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек" деді. Осы күні парламент Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдаған Тоқаев ұсынысын Астана қалалық мәслихаты да қолдаған. 

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Фариза Жомартқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір