• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:20:30
Алматы
+35°

16 Шілде, 2017 NEWS

«АСТАНА АРЛАНДАРЫ» WSB ЖОБАСЫНДА ҮШІНШІ МӘРТЕ ЧЕМПИОН БОЛДЫ

«Астана Арландары» «Куба Домадорес» арасындағы соңғы жекпе-жек өте тартысты өтті деп жазады Qamshy.kz.

«Астана Арландары» «Куба Домадорес» арасындағы соңғы жекпе-жек өте тартысты өтті деп жазады Qamshy.kz.

Залдивар Сантистеба Франк пен Олжас Байниязов талайдың делебесін қоздырды. 52 келі салмақтағы, запастағы Байниязовтың жеңісімен Астана арландары үшінші дүркін чемпион болды.

Оған дейінгі он айқаста қазақтар 5 ке 5 ұпаймен есепті теңестірді. Жеңіс еншілеген төрт жекпе-жек — бәсекенің алғашқы ойнында Йоханус Аргилагоспен қолғап түйістірген 49 келі салмақтағы Теміртас Жүсуповтің, 56 келі салмақтағы Хавьер Ибаньесті жеңген Ілияс Сүлейменовтің, ауыр салмақта Тойракты жеңген Олжас Бұқаевтың және Лазаро Альварес Естрадамен түскен Зәкір Сафиуллинның еншісінде.  Олимпиада чемпионы Рейнерь Иглезиас Сотолонгомен алаңға соңғы болып шыққан Асланбек Шымбергенов есептің басын теңестірді.

Алайда 91 келі ауыр салмақта Антон Пинчук – Эрисланди Савонмен шаршы алаңға шығып, қарсыласына есе жіберсе , төртінші болып алаңға 64 келі салмақта Энди Крузға қарсы Ділмұрат Мижитов қарсыласына есе жіберген еді. Бесінші болып алаңға 75 келі салмақта шыққан Әбілхан Аманқұл да ұпай санымен Арен Лопестен жеңіліс тапқан. Ал, Ла Круспен алтыншы болып алаңға шыққан Арман Ырысбек те қазақ құрамасы қоржынына жеңіс сыйлай алмады. Жетінші бәсекеде Олжас Сәттібаев Йосбани Вейтиаға қарсы тұра алмай қалды.

Естеріңізге салайық, спорт додасы Бүкіл әлемдік бокс сериясы WSB жобасының VII маусымның финалдық жекпе-жегі болып табылады. 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір