• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:50:23
Алматы
+35°

16 Шілде, 2017 Спорт

«Астана Арландары» тағы да «Куба қабыландарына» есе жіберді

Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» командалары арасындағы жетінші...

Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» командалары арасындағы жетінші жекпе-жекті 52 келіде Олжас Сәттібаев Йосбани Вейтиаға қарсы жасады. Ол да қарсыласына 47:48 46:49 47:48 ұпаймен есе жіберді.

Қазірге дейін бәсекеге шыққан жеті айқаста қазақтар тек екі жекпе-жектің жеңісін еншіледі.  

Бәсекенің алғашқы ойнында Йоханус Аргилагоспен қолғап түйістірген 49 келі салмақтағы Теміртас Жүсупов пен 56 келі салмақтағы Ильяс Сүлейменов қарсыласы Хавьер Ибаньесті  ұпай санымен жеңді.

Алайда 91 келі ауыр салмақта Антон Пинчук – Эрисланди Савонмен шаршы алаңға шығып, қарсыласына есе жіберсе , төртінші болып алаңға 64 келі салмақта Энди Крузға қарсы Ділмұрат Мижитов қарсыласына есе жіберген еді. Бесінші болып алаңға 75 келі салмақта шыққан Әбілхан Аманқұл да ұпай санымен Арен Лопестен жеңіліс тапқан. Ал, Ла Круспен алтыншы болып алаңға шыққан Арман Ырысбек те қазақ құрамасы қоржынына жеңіс сыйлай алмады.

Естеріңізге салайық, спорт додасы Бүкіл әлемдік бокс сериясы WSB жобасының VII маусымның финалдық жекпе-жегі болып табылады.

Бір айта кетерлігі кубалықтар бұл финалға кілең Олимпиада, Әлем чемпиондарын, тек қана бірінші номерлі боксшыларын әкелген. Ал «Астана Арландары» командасы екінші, үшінші, төртінші номерлі боксшылардан құралса да Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Англия сияқты елдердің тек қана бірінші номерлі боксшыларын жеңіп, финалға жеткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір