• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:33:29
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2019 NEWS

Асқар Жакулин атындағы биологиялық-зертханалық кабинет ашылды

Бұл жайында Алмас Ахметбекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Асқар Жакулин атындағы биологиялық зертхана кабинеті ашылды. Бұл жайында Алмас Ахметбекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Биология зертxана - кабинетіне Асқар Жәкулин есімі берілді. 70 жылдық тариxы бар Би Боранбай мектебі Жәкуланың туған жері - Қызылкесіктегі іргелі білім ордасы (Жәкула 1885 жылы Омбы дәрігерлік теxникумын бітірген, Пережавалск губерниясының xатшысы болған, Ғазиза деген қызын Мұxаметжан Тынышбаев алған. 1933-жылы Шәуешекте оққа ұшқан). Мектептің даңқ тақтасында Серікболсын Әбділдин, Қайнар Олжай, Болат Мүрсалім бастаған танымал тұлғалар тізіліп тұр. Сол тақтадан осы мектептің қамқоршысы Асқардың да, Жәкулә атасының да салауатты бейнесін көресің. Мектеп ұжымы шешімімен жыл басында жаңадан ашылған соңғы үлгідегі биология зертxана кабинетін сүйікті жерлестері Асқар Жәкулин атымен атау ұйғарылыпты. Бұл ұлтын сүйетін ұрпақ тәрбиелеуге қызмет ететін қадам. Бұл--Ақсуат-Тарбағатай-шығыс өңірінде Асқар есімімен аталатын нысандар тізімінің басы деп білейік. "Ер есімін елі ұмытпайды, елі ұмытса да жері ұмытпайды", деп жазады Алмас Ахметбекұлы.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір