• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:44:12
Алматы
+35°

16 Шілде, 2017 Спорт

Асланбек Шымбергенов «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» есебін теңестірді

«Астана Арландары» «Куба Домадорес» арасындағы оныншы жекпе-жек өте тартысты өтті деп жазады Qamshy.kz.

«Астана Арландары» «Куба Домадорес» арасындағы оныншы жекпе-жек өте тартысты өтті деп жазады Qamshy.kz.

Олимпиада чемпионы Рейнерь Иглезиас Сотолонгомен алаңға соңғы болып шыққан Асланбек Шымбергенов есептің басын теңестірді.

Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» командалары арасындағы тоғызыншы айқас 60 келіде көрермендердің көңілінен шығып жүрген жас батыр Зәкір Сафиуллин бұған дейін алдағы қарсыласы болған кубалық Лазаро Альварес Естрадамен түсті.

Жалпы он айқаста қазақтар 5 ке 5 ұпаймен есепті теңестірді. Жеңіс еншілеген төрт жекпе-жек — бәсекенің алғашқы ойнында Йоханус Аргилагоспен қолғап түйістірген 49 келі салмақтағы Теміртас Жүсуповтің, 56 келі салмақтағы Хавьер Ибаньесті жеңген Ілияс Сүлейменовтің, ауыр салмақта Тойракты жеңген Олжас Бұқаевтың және Лазаро Альварес Естрадамен түскен Зәкір Сафиуллинның еншісінде.  

Алайда 91 келі ауыр салмақта Антон Пинчук – Эрисланди Савонмен шаршы алаңға шығып, қарсыласына есе жіберсе , төртінші болып алаңға 64 келі салмақта Энди Крузға қарсы Ділмұрат Мижитов қарсыласына есе жіберген еді. Бесінші болып алаңға 75 келі салмақта шыққан Әбілхан Аманқұл да ұпай санымен Арен Лопестен жеңіліс тапқан. Ал, Ла Круспен алтыншы болып алаңға шыққан Арман Ырысбек те қазақ құрамасы қоржынына жеңіс сыйлай алмады. Жетінші бәсекеде Олжас Сәттібаев Йосбани Вейтиаға қарсы тұра алмай қалды.

Естеріңізге салайық, спорт додасы Бүкіл әлемдік бокс сериясы WSB жобасының VII маусымның финалдық жекпе-жегі болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір