• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:47:36
Алматы
+35°

03 Ақпан, 2018 NEWS

Аслан Мусин ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасады (видео)

Әрбір есі дұрыс адамның Құранды өз бетінше оқып-білуге, сол арқылы Ақиқатты тануға шамасы жетеді

 ҚР Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусин ұлы Асылбек Мусиннің өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі serke.org мәліметіне сүйеніп. 

Қазақстандағы рационал монотеизмнің негізін салушы философ Асылбек Мусиннің қайтыс болғанына қырық күннен асты. Марқұмды еске алу үшін оның достары мен туыстары философтың дүниетаным жөніндегі көзқарасын баяндайтын фильм жасады.

Фильмнің кіріспе бөлімінде Асылбектің әкесі, мемлекет қайраткері Аслан Мусин сүйікті үлкен ұлының мезгілсіз қазаға ұшыраған тұсында қайғысына ортақтасып, моралдық қолдау білдірген барша жұртқа рахмет айтты. Оның айтуынша, Асылбек Мусин дүниені танып білуге, адам болмысы мен адамзат танымы жөніндегі философиялық ойға ауқымды үлес қосып, өзінің артында мол мұра қалдырды. Голландияда Асылбек Мусиннің басшылығымен адамзат тарихында жинақталған гуманитарлық, философиялық, ғылыми ой 114 томға топтастырылды, оны зерттейтін және жүйелейтін «Монотеизм институты» құрылды. «Монотеизм институтына» біріккен әлем ғалымдары  Құран, Інжіл, Таурат және тағы басқа да киелі кітаптарды оқып түсінетін әмбебап сөздік жасауды жалғастырып жатыр. Асылбек Мусин және онымен пікірлес достары дүниені танып білудің рационал монотеизм философиясының методологиясына негізделген жүздеген сағаттық сапалы аудио-видео материалдар дайындап кетті.

Асылбек Мусин 1979 жылы туған. Экономика саласы бойынша жоғарғы білім алған ол жастайынан  дін мәселесін жан-жақты зерттеген философ ғалым. Оның есімі Қазақтанда «Ізгі амал» пікірлестер клубымен, былайғы жұрт «құраншылар» деп атайтын ислами ағыммен тығыз байланысты. Асылбек Мусин осы ағымның көшбасшы идеологы саналады. Ол діни-танымдық тақырыптарды қамтитын  ruh.kz,   anti-idol.kz, nurmura.kz  интернет сайттарына басшылық жасады.

 Қазақстандық рационал монотеистердің («құраншылардың») пікірі бойынша, Құдайдың адамға жасаған ең үлкен сыйы – Ақыл. Яғни, адам Құдайдың сыйын - Ақылды пайдалануы міндетті, Ақиқатты Ақыл арқылы тануы қажет. Бұған қосымша ретінде Құдай адамдар жолбасшы етсін деп Кітап жіберді. Құран – бәрі қамтылған, толық әрі анық баяндалған кітап. Сондықтан, Құранды түсіндіретін, Ақиқатты тануға көмектесетін қосымша кітаптардың, мазхабтардың, тариқаттардың, әулиелердің, хадистердің және т.б. қажеті жоқ.

Ақиқатты іздеудің ең үздік жолы – ғылым мен философия. Әр нәрсеге сын көзбен қарап дағдыланбай нағыз білімге жету мүмкін емес. Ақиқат турасындағы дерек сынсыз, дәлелсіз қабылданар болса, оның құндылығы мен пайдасы күмәнді.

Әрбір есі дұрыс адамның Құранды өз бетінше оқып-білуге, сол арқылы Ақиқатты тануға шамасы жетеді. Өйткені, адамда Ақыл бар. Ақиқатты танып-білуде Ақыл – құрал (инструмент), Құран – нұсқаулық (инструкция). Бұл методология бойынша, барлық нәрсені Ақылға салып, зерттеу керек, дәлел табылып жатса ғана, ол Ақиқат ретінде қабылдануы қажет. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір