• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:40:05
+35°

13 Ақпан, 2019 Әлеумет

Асығыңыз! Байқаудың аяқталуына 4 күн қалды

Байқау шарттары оп-оңай: лайк сұрамайсыз, репост жасамайсыз. Тіпті досыңызды да белгілемейсіз. Сонымен қандай қадам жасайсыз?

Құрметті оқырман, Qamshy.kz ақпарат агенттігі Instagram парақшасы  Аңсаған Мұстафаның ұлттық нақыштағы киімдер дүкенімен бірлесе отырып ерекше байқау жариялайды!
Байқау шарттары: 

1. @qamshy.kz және @ansa.kz парақшаларына жазыласыз.

2. Суретші Аңсаған Мұстафаның сиясы кеппеген туындысына тіл бітіріп, суреттегі сәбидің атынан монолог жазасыз. Монологқа әдемі тақырып таңдауды ұмытпаңыз. Мазмұны телефонға телмірген ана жайлы болуы тиіс.

3. Суретті монологпен бірге өзіңіздің инстаграм парақшаңызға жариялайсыз;

4. Ең соңында #қамшыданбайқау2 хэштегі мен @qamshy.kz және @ansa.kz парақшаларын белгілейсіз.

5. Парақшаңыздың есігін айқара ашып қойыңыз, айтпақшы.

Байқау дәл қазірден басталып, 16 ақпан күні сағат 23.30-да мәресіне жетеді.

Жеңімпаздарды Қамшы ұжымы 17 ақпан күні анықтап, @qamshy.kz инстаграм парақшасында жариялап, құттықтайды.

Мән-мағынасы жоғары, мазмұны терең жазба жариялаған ең үздік үш авторды @ansa.kz дүкенінің ұлттық нақыштағы жейделерімен марапаттаймыз!

Ал, іске сәт!

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір