• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:17:20
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 NEWS

АШМ: 2017 жыл аграрлық сектор үшін өте табысты жыл болды

Ауыл шаруашылығы министрлігі келешекке кемел жоспар құрды

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Министрлікте өткен кеңейтілген алқа отырысында 2017 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары мен Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы аясында 2018 жылға арналған негізгі міндеттер жайында айтылды.

Бейнеконференция байланыс арқылы жүргізілген шараға облыстық әкімдіктердің, агробизнес және қоғам өкілдері қатысты.

Кеңейтілген алқа отырысында агроөнеркәсіптік кешен алдында еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есеге артыру міндеті жүктелгені жайында сөз болды.

«Еңбек өнімділігін арттыру үшін жағдайды түбегейлі өзгертуге болатын 4 негізгі бағытты анықтадық: дәл қазіргі заманауи технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы техникасын жедел түрде жаңарту, мал шаруашылығын дамыту және суармалы жерлерді қарқынды түрде енгізу. Дәл осы бағытта мемлекеттік қолдау саясаты енгізілетін болады», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев.

Өмірзақ Шөкеев

2017 жылғы Агроөнеркәсіп кешенінің жұмысын қорытындылап, АШМ вице-министрі Р.Құрманов «2017 жылғы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту қорытындылары» туралы баяндама жасады.

«Өткен жыл экономиканың аграрлық секторы үшін өте табысты болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 2,9%-ға ратып, 4,1 трлн. Теңгені құрады. Сонымен қатар, азық-түлік өндірісі 4,1%-ға артты», - дейді Р.Құрманов.

Оның айтуынша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы кооперативтері 19 мың тонна ет, 132 мың тонна сүт және де 33 мың тоннадан астам жеміс өндірілген.

Рүстем Құрманов

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды экспорттауды 2,5 есеге арттыру мәселесін шешу үшін Ауыл шаруашылығы вице-министрлері өз баяндамаларында АӨК-ті дамытудың басты қадамдарына назар аударды.

АШМ бірінші вице-министрі Арман Қайратұлы  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлгінің 2018 жылға арналған жоспарымен таныстырып өтіп, АӨК өнімін 2,5 есеге артыру мәселесінің маңыздылығын атап өтті.

«Біздің алдымызда агроөнеркәсіп өнімділігі мен өңделген өнімдерді экспорттауды 2,5 есеге арттыру міндеті тұр. Осы міндеттерді орындау үшін біз Министрліктің негізгі күші мен ресурстарын 9 негізгі бағытқа қарай аударамыз:

– Қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;

– Сауда нарықтарын кеңейту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту;

– Мемлекеттік бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру;

– Салық төлемдерін жетілдіру;

– Аграрлық ғылым, білім беру және білім тарату жүйесін реформалау;

– Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру;

– Технологияның қол жетімділігі;

– Биологиялық ресурстарды оңтайлы басқару;

– Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру.

Әр бағытта өлшенетін көрсеткіштер мен нақты шаралар анық көрсетілген. Вице-министрлердің түпкілікті нәтижелерге арналған міндеттері мен жауапкершілігі арнайы меморандумда Министрлікпен бекітілген. Мұның барлығы Министрліктің 2018 жылға арналған жедел жоспарында көрініс тауып отыр. Ғылым, білім және білімді тарату; АӨК-ті цифрландыру; технологияның қол жетімді болуы – осы үш блокқа мен өзім тікелей жауаптымын», - дейді Арман Қайратұлы.

Оның айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру ісі аса маңызды болып табылады.

«Мұнда ең басты күтілетін мәселе нақты фермерлік шаруашылықтар мен «ақылды фермалар» элементтерін енгізуге басты назар аударылатын болатын. Бірінші кезеңде біз геопозияциялық, вегетативтік, агрохимиялық, гидрогеологомелиоративтік және метереологиялық қабаттарымен электрондық карта орындарын жасау қажеттілігін көріп отырмыз», - деп айтып өтті бірінші вице-министр Арман Қайратұлы.

Арман Қайратұлы

Оның айтуынша, өнеркәсіпті цифрландыру мемлекеттік заңдар мен қадағалаудың сенімділігін арттырады, жоғары технологияларды енгізуге ынталандырады, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттырып, олардың ашықтығы мен фермерлерге қол жетімділігі, сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтады екен.

Сондай-ақ, вице-министр Р.Құрманов пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Н:Малелов 2017 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту қорытындыларын баяндады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір