• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:27:57
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2017 Әлеумет

Ашаршылық жылдары қанша қазақ қырылды?

Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, репрессия жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету...

Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, репрессия жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі тұрған еді.

Қазақтың басынан не өтпеді: жойқын соғыстар, ашаршылық, қуғын сүргін, ату жазасы: баласынан айырылған ананың зары, ата-анасынан айырылған баланың ауыр тағдыры, жарынан айырылған қыздың мұңы. Біз бүгін басып жүрген топыраққа ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамып келген. Иә, жүректерден өшпейтін, есте мәңгі қалатын сол зұлмат тағдырлардың ізі қалған жердің төсінде біз бақытты күн кешудеміз. Тәуелсіз мемлекеттің желбіреген туының астында өмір сүріп жатқан біздің ата-бабамыз кешкен тағдырды ұмытуға қақымыз жоқ.

Қазақ үшін ең ауыр соққының басы 1928 жылғы репрессиядан басталды. 1925 жылғы Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы болып келген Голощекин қазақ жеріне өз саясатын жүргізді.Бірнеше адам қуғын-сүргінге ұшырап, бірнешеуі ату жазасына кесілді. 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшырады. Елде жаппай ашаршылық орнады, бейбіт жұрт тағы қырылды. Қаншама адам өлтірілді? Сондағы заңсыз жазалаудың салдарынан қаза тапқан қазақтардың саны қанша? Егер сол репрессия болмаса, ашаршылық орнамаса, соғыс болмаса, бүгінгі қазақтың саны әлдеқайда көп болар ма еді, кім білсін...

 Ашаршылық салдарынан қырылған қазақтардың санына байланысты бүгінде әртүрлі жауап естиміз. Жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай осы сұраққа жауап қатты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Ашаршылық қазақтың басына 10 жылдың ішінде 2 рет түскен. Ең бірінші ашаршылық 1921-1922 жылы болған. Ол Мұхтар Әуезовтің «Қазақ республикасы қазақсыз қалады» деген мақаласында көрсетілген. Осы мәтінде өлкелік партия комитетінің  КПС орталық комиетітіне жіберген 145 беттік есебі бар, сондағы протоколдан алынып отыр. Сол протоколдағы есеп бойынша 1921-1922 жылдардағы сандарды көрсеткенде 1 миллион 200 мың адам деп айтады. Ал Әлихан Бөкейханов орта есеппен шығара отырып мұны 932 мың мөлшерде деп көрсетеді. Екінші тағы да сол Қауіпсіздік Комитетіндегі жалпы Қазақ автономия республикасындағы ашаршылық және оның себептері жайында мәліметте Қазақстаннан кеткен, ауған, қайтыс болған адамдардың саны 4 жарым миллионға жеткен, соның ішінде 3 млн 200 мың адам 1939 жылғы санақта кем, ал 1949 жылғы санақтан кейін қазақтың Қазақстандағы саны 1 млнға да жетпеген, 900 мыңнан сәл ғана көп. Осыдан-ақ 1914 жылы 6 млн 800 мың болса, қаншасы ашаршылықтан қайтыс болғанын шығаруға болады: соның ішінде 380 мыңдай адам Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қаза болды, 64 мың адам, интеллигент жер аударылды, атылды. Қалғаны ашаршылықтан қайтыс болған адамдар».

Дайындаған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір