• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:19:54
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2017 NEWS

Асанәлі Әшімов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық артисі Асанәлі Әшімовке  «Қазақстанның Еңбек Ері»  атағын берді деп...

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық артисі Асанәлі Әшімовке  «Қазақстанның Еңбек Ері»  атағын берді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

         Биыл КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Асанәлі Әшімов 80 жасқа толды. Айтулы мерейтой 12 мамыр күні Әуезов театрында республика көлемінде аталып өткен болатын. Алаштың ардақтысы Асанәлі Әшімов театр мен кино саласында қайталанбас образдар жасап, режиссер ретінде де спектакльдер сахналады. Саналы ғұмырын өнер саласына арнаған сахна саңлағы, бүгінде Әуезов театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Театрлар Ассоциациясының Төрағасы қызметін атқарады. 

         Ұлтымыздың мақтанышына айналған Асанәлі Әшімовтің  мерейтойы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік «Экспо -2017» көрмесінде де өз жалғасын таппақ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір