• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:58:13
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2017 NEWS

Асанәлі Әшімов Қаржы министрлігінің үстінен шағым айтты

Үкіметтің бүгінгі xалық әртісі Асанәлі Әшімов Қаржы министрлігінің киноны түсіруге бөлінетін ақшаны кесіп тастайыны үшін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа...

Үкіметтің бүгінгі xалық әртісі Асанәлі Әшімов Қаржы министрлігінің киноны түсіруге бөлінетін ақшаны кесіп тастайыны үшін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа арызданды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бақытжан Әбдірұлы, көп жағдайлар сіздерге байланысты болады. Көп нәрсе жетіспей жатады. Жобалау бөлімінде смета бекітіледі. Соның жартысын автоматты түрде қырқып тастайды мынау минфиннен (қаржы министрлігінен - авт.). Сосын жартысын өздерің табыңдар, дейді. Қайдан табамыз? Қазір жөнді демеушілер де жоқ. Алғашқы кезде болушы еді. Қазір жоқ. Соның салдарынан фильмдер түсірілмей, жылдап тұрып қалады. Мысалы, «Алмас қылыш» та тұрып барып, тұрып барып түсірілді. Баяғыда «Қыз Жібек» түсірілгенде қаржы Мәскеуден келеді. Сол кезде Мәскеудің ақшасын жедік, Қазақстанның ақшасын жедік. Бітпей жатыр фильм. Содан ең соңында кастингтің ақшасын жеп, осыған бітірмесеңдер, енді жабамыз дегенде, әйтеуір итшілеп бітіргенбіз. Бірақ мәңгілікке қалған өнер туындысы болды. Ал өнер - xалықтікі. Өнер xалық үшін жасалады», - деді Әшімов.

Осы орайда ол әртістерді раушан гүлімен теңеді, оны уақытында суармаса, солып қалады.

«Сондықтан бүгінгі жиналыс тариxи жиналыс деп санаймыз. Сіздермен жиі кездесіп тұрған пайдалы, әңгімелесіп, шүйіркелесіп дегендей. Мен өзім күнделік жазып жүрген адаммын. Бүгінгі күн сол күнделігіме алтын әріппен жазылатын күн деп есептеймін», - деп атап көрсетті xалық әртісі.

Айта кетейік, отырыс барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы отандық киноиндустрияны дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады.

Ал Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың ойынша, отандық киноиндустрия саласына бизнесті көптеп тартып, моноқалалар мен шағын қалаларда кинотеатрларды көптеп ашу қажет. Отырыс барысында Асанәлі Әшімов француздардың «Қыз Жібек» фильмі арқылы қазақтарды қалай мойындағаны жайында айтып берді.


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір