• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 15:57:09
+35°

20 Мамыр, 2019 NEWS

Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасаған кім? (видео)

Белгісіз ер адам актердің арқасынан екі аяқпен тепкен

Америкалық әйгілі актер Арнольд Шварценеггерге Оңтүстік Африкада шабуыл жасалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі rbc.ua сайтына сілтеме жасап. 

Арнольд өз жанкүйерлерімен кездесіп тұрған сәтте, белгісіз ер адам актердің арқасынан екі аяқпен тепкен. Бұзақының бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз.

71 жастағы Шварценеггер Оңтүстік Африканың Стэндтон қаласына Arnold Classic Africa байқауының бағдарламасына қатысу үшін келген. 

Айта кетейік, Arnold Classic Africa - халықаралық спорттық байқау. Бұл сайысқа 86 спорт түрінен 20 мыңнан астам спортшы қатысады.

Дайындаған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір