• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:13:15
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 Саясат

Арменияда халық сот ғимараттарын қоршап алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

19-мамыр күні Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook парақшасында Армения халқын сот ғимараттарын қоршап алуға шақырған болатын. Сол үндеу негізінде бүгін Ереванда және елдің басқа да қалаларында тұрғындар сот ғимараттарын қоршап алды. Сонымен қатар, Пашинян жергілікті уақытпен сағат 12-де елдегі сот жүйесін түбегейлі өзгертетін "революцияның екінші әрі ең басты кезеңін" жариялауға уәде берді.

Өз кезегінде, Армения президенті Армен Саркисян азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, конституция талаптарын бұзбауды қатаң ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, 18-мамырда сот "конституциялық құрылымды құлатуға әрекет жасады" деген айыппен тұтқындалған экс-президент Роберт Кочарянды босатқан болатын. Осы оқиғаға наразылығын білдірген премьер Пашинян елдегі революцияның екінші кезеңі басталғанын хабарлады. Революцияның бірінші кезеңі – Никол Пашинян билікке келген 2018 жылдың күзінде болғаны белгілі.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір