• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:48:28
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 Саясат

Армения президенті Дариға Назарбаеваның талантына тәнті екенін жасырмады

Сонымен қатар Армения басшысы Еуразиялық медиа-форумды бірінші кезекте Дариға Назарбаевамен байланыстырады.

Армения президенті Армен Саркисян Еуразия медиа форумы туралы және Сенат спикері, форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның таланты туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Еуразиялық кеңістіктегі журналистік ортаға үлкен ықпал еткен керемет институтты құттықтағым келеді. Мен Еуразиялық медиафорум туралы ойланған кезде, екі немесе үш ұғым пайда болады. Евразия дегеніміз не? Ол жай ғана география емес. Менің түсінігімде Еуразия бір сөздің шеңберіне сыймайтын ұғым. Біз Еуразия туралы айтқанда, Қазақстанды ұмыт қалдыруға болмайды. Еуразия бұл – өркениет, Ұлы Жібек жолы, Лев Гумилевтің философиясы және Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзі", - деді Армен Саркисян Алматыдағы форум алдында. 

Сонымен қатар Армения басшысы Еуразиялық медиафорумды бірінші кезекте Дариға Назарбаевамен байланыстырады.

"Біздің түсінігімізде бұл форум ол –  бірінші кезекте Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева, тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы бастаған Қазақстан үкіметінің қолдауы және оның арқасында осы форумның шынымен де орын алғаны. Бұл жаққа бірнеше жылдан бері келмеген соң мен өте жағымды әсердемін. Ойлап қарасам, біздің өмірімізде өзгермейтін нәрселер бар екен. Ол сізбен (ред. Дариға Назарбаевамен) бірге жұмыс істей бастаған және сізбен бірге жұмыс жасап келе жатқан адамдар. Сонымен қатар,  бұл сіздің өзіңізбен бірге ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс жасай алатын адамдарды таңдаудағы талантыңыз. Сізге үлкен алғыс айтқым келеді", - деді Армения президенті Дариға Назарбаеваға айтқан лебізінде.

Айта кетейік, XVI Еуразиялық медиафорум Алматыда 22-24 мамыр күндері өтеді. 

Ұсынған: Мият Кәшібай

 

Мият Кәшібай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір