• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:36:35
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Арман Евниев: Әкем "кез келген жұмысыңның нәтижесімен мақтанатындай бол" деп үйреткен

Осыған дейінгі оқиғалар Үкіметтің отставкаға кетуіне әкеліп соққаны белгілі.

Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Арман Евниев мемлекеттік қызметтен кететін мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы бұрынғы ол өзінің фейсбук парақшасына жазды. 

"Осыған дейінгі оқиғалар Үкіметтің отставкаға кетуіне әкеліп соққаны белгілі. Болғаны болып, бояуы сіңді. Бірақ бұл жайт біраз мәселерді ойланып, өз-өзіме сұрақ қоюға мүмкіндік беріп отыр. Мүмкін басқа адамдар да өзіне "бұл жайт менің өміріме қандай өзгеріс енгізеді?", деп сұрақ қойып отырған шығар.

Біріншіден, мен Үкімет жұмысының нәтижесіне әрбір мемқызметкер жауапты деп есептеймін. Оның қатарында мен де бармын. Мен бар күшімді салып жұмыс істеген секілдімін. Тіпті өзімнің мүмкіндіктерімнен де артық жұмыс істедім. Менің әкем мені "кез-келген жұмысыңның нәтижесімен мақтанатындай бол" деп үйреткен. Ал нәтижесі жоқ немесе нәтижесі адам ұялтатындай болса, жұмысты жалғастырудың қандай қажеттілігі бар? Бұл жұмыстың қандай маңыздылығы бар?

Екіншіден, мен өз елімнің патриоты ретінде елімнің көркейіп, дамуына үлес қосқым келеді. Ең болмағанда менің 5 айлық немерем дамыған әрі табысты елде өмір сүргенін қалаймын. Енді мен қазір осындай қарқында, нәтижесіз жұмыс істей аламын ба? Немесе "барлығы маған байланысты емес", деу ақталуға себеп бола ала ма?

Үшіншіден, мен осы секілді сұрақтарды өзіме қойғаннан соң мемлекеттік қызметтен кетіп қалдым. Алайда бір жылдан соң қайта оралдым, себебі жобаны басқару жұмыс істейді және оны дұрыс қолдана білсең жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын дәлелдегім келді. Сондай-ақ Үкіметтің жұмысына жобалық тәсілді енгізу дұрыс әрі батыл шешім болды. Бір өкініштісі бұл тәсіл одан әрі дами алмады.

Ал жобаны дұрыс басқарудың негізгі үш қағидасы бар: SMART-мақсаттар, жауапты тұлғаны белгілеу, SCRUM (күнделікті және үздіксіз) және серіктестік. Егер осы үш қағида орындалатын болса мемлекет басшысының тапсырмасы мүлтіксіз орындалатынына сенімдімін. Біз осы тәсілді біздің билікке енді ғана енгізе бастаған кезде, басқа дамыған елдер басқарудың жаңаша тәсілін қолданып жатты. Дамыған елдердің басқару жүйесіндегі тәсілдерді саналап айтпайын. Себебі әлі уақыты келмеді. 

Түйін: белгілі бір жобаны талқылау үшін көптеген дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізуге көп уақыт жоғалтуды, салық төлеушілердің ақшасын жөн-жосықсыз оңды-солды шашуды тоқтату керек. Мен оданда мұндай шаралардан бөлек іспен айналыса бергенім дұрыс", дейді Арман Евниев. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір