• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:19:14
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Оқиғалар

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Тазыларды қорлағандар жазаланатын болады

Жануарларға мұндай қарым-қатынасқа жол бермеуіміз керек.

Жора Морозов есімді фейсбук қолданушысы өзінің парақшасында қазақтың тазысын қорлап жатыр деген жазба жариялаған болатын. 

тазы ит

Міне, бір күн бұрын жариялаған жазбадан кейін, қуанышымызға орай, министр мырза мәселені өз бақылауына алды. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлының фейсбуктегі жазбасын оқырман назарына ұсынады:

"Достарым, бүгін түнде маған «Этноауыл» ұлттық-мәдени орталығы аумағында («Қазанат» ипподромы) екі тазының жағдайы туралы сілтеме келді. Таңнан бастап жағдайды анықтауға кірістім.

тазы ит

Мекеме балансында бірде-бір ит жоқ. Иттер тұрған қамаулар «Этноауыл» аймағындағы шараларға қатысатын сырттан әкелетін жануарларға арналған. Екі иттің де иесі - Бекболат есімді жеке тұлға, оларды Павлодардан әкеліпті. Оның айтуынша, біраз уақыт бұрын екі ит қоршаудан жоғалып кетіп, 10 күн іздестіруден кейін өте нашар жағдайда қайтарылыпты. Иттер жоғалғаны туралы полицияға берген арызы бар.

Менің нұсқауыммен екі итті де Астананың ветеринарлық клиникасына апарып, сол жерде толық медициналық зерттеуден өтіп, қажет ем қабылдайтын болады. Ветеринарлардың қорытындысы бойынша, жануарлардың жағдайы қанағаттанарлық: тазы стандартқа сәйкес арық болуы керек. Біз иттерді істің мән-жайын анықтағанша сол жерде қалдыруды шештік.

тазы ит

тазы ит

тазы ит

тазы ит

Ішкі қызметтік тексеру басталды. Кінәлілер міндетті түрде жазаланатын болады. Иттердің қожайынымен келісімшартты бұзу туралы және Жора Морозовтың операцияға жұмсалған қаржысын ұстап қалу туралы шешім қабылданды.

Пост авторына жануарға деген мейірімі мен адамгершілігі үшін алғыс білдіремін. Жануарларға мұндай қарым-қатынасқа жол бермеуіміз керек. Бірақ иттердің иесі бер екенін ескеріп, оның жекеменшігін тартып ала алмаймыз. Қажет болса, құқық қорғау ұйымдарына жүгінеміз. Егер қожайынынан иттерді алатын болса, «Этноауыл» оларды өз сапына қабылдап, қауіпсіз және жайлы өмір сүрулеріне жағдай жасауға дайын".

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір