• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:13:02
Алматы
+35°

04 Қазан, 2016 Аймақтар

Арыс алма жинады

Өңірлерде ауыл шаруашылығын дамтыу өте маңызды. Ауыл шаруашылығын дамытып қана қоймай, оны бренд ретінде қалыптастыра білген жөн. Мысалы, Голландия ірімшігі,...

Өңірлерде ауыл шаруашылығын дамтыу өте маңызды. Ауыл шаруашылығын дамытып қана қоймай, оны бренд ретінде қалыптастыра білген жөн. Мысалы, Голландия ірімшігі, француз шарабы, жапон балығы. Міне, бізге де осындай атты жасап шығару керек. Мұндай атаққа ие тек Алматы апорты ғана болып тұр. Дегенмен, Түлкібас апорты да халыққа танылып келеді. Бұл әрине қуантарлық жай. Жақында осы тізімге Арыс алмасы да қосылмақ. Әрине, бұл үшін әлі атқарылар тірлік көп. Әйтсе де, бастау бар. Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде алма теру науқаны қызу жүріп жатыр. «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында мемлекетткен қолдау тауып, «Агрофирма жаңа Ақдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 17 0га жерге голландиялық және «семерянка» алма ағаштарының 2 сұрпы отырғызылған.- «Әр көшеттің арақашықтығы - 80 см. Биіктігі 3,5 метрге дейін көтеріледі. Әр түп алма ағашынан 1 жылдың өзінде 40-45 алма алынады» - деді алма бауының басқарушысы Н.Есенқұлов. 

Аталған алма бауда жергілікті тұрғындардан 50-ден аса адам еңбек етуде.
Оңтүстік өңірінің алма бағын егуге қолайлы болуына орай бағбандық шаруашылықты қолға алған арыстық шаруалар алдағы жылдары алма бағының көлемін ұлғайтып, Арыс алмасын еліміз бен алыс-жақын шетелдерге танымал брендке айналдыруды көздеп отыр.

Міне, өңіріміздегі аудандарда өнім  өндіріліп, жеміс-жидек, көкөністер теріліп, жұмыссыздар жұмыспен қамтылып, қызу жұмыстар жүріп жатыр. Енді бұл іс өз жалғасын тапса деп тілеуден басқа лебіз жоқ. 

rgmedia.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір