• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:53:34
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2018 Әдебиет

Жол

(Кереку өңірінің біртуар өнерпаз азаматы Ардақ Райымбеков жан-жары Данарамен, үш жасар ұлы Нұржолмен бірге 
жол-көлік оқиғасында қаза тапты)

Ұлы түнде ұйқым үркіп тұрдым мен, 
Ұялады үрей кірпік ұшында! 
Қаралы әуен тараларын кім білген,
Қара жолдан Қара қала тұсында?

Үш жұлдызға кетті айналып үш үміт,
Үшеуін де Құс жолына ұзаттым.
Беймезгілде балапанын ұшырып,
Қалжырады ғасырдан да ұзақ күн.

Көк төсінде сұңқылдаған құс кілең
Керуен құрап көкжиекке ұшты да.
Мәшһүр Жүсіп мешітінің үстінен
Үш айналып ұзады үнсіз үш тырна...

Бейбақ ауыл Шәмшіде тек тән қалды,
Жаны, сірә, үшбұрышта жүр анау...
Әлде үшеуі бұзып жарып жалғанды, 
Мәңгілікке өтіп кеткен шығар-ау...

...Ұлы түнде ұмтылсақ та мұратқа,
Пешенеге жазылғанды көреміз! 
Сол боздақтар енген шығар жұмаққа,
Ал біз әлі жол үстінде келеміз...

Арман Қани

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір