Арба сүйреген марқұм ақын өмірінен естелік

Арба сүйреген марқұм ақын өмірінен естелік
Ⓒinformburo.kz

Бүгін қазақ әдебиеті тағы да қазаға душар болды. 57 жасқа қараған шағында талантты ақын, тағдырлы қаламгер Сәбетай Сыпатаев өмірден озды. Алматы-2 вокзалында жолаушылардың жүгін тасып күн көрген алапат ақын жайлы айтпаған адам, жазбаған БАҚ қалмаған еді. 2011 жылы Азаттық радиосы ақынның өмірі, тағдыры жайында жазыпты. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сәбетай Сыпатаев жайлы естелікті оқырманымен бөлісуді жөн көрді. 

«Көкбөрім көкке ұлыған», «Жұлдыздардың бағыты өзгермейді» атты екі өлең кітаптың ауторы, ақын Сәбетай Сыпатаев он бес жылдан бері Алматыдағы екінші теміржол бекетін сағалап жүр.

«Ой, ол кім? Әлгі «Мұқағали» ма?» дегендер де болды.

ТАБЫС ПЕН ШАБЫТ

– Табыс болса, шабыт болады. Сағат он болды. Таңғы жетіден осында жүрмін. Әлі бір теңге тапқан жоқпын. Әңгімеміздің жарасуы қиын болар, бауырым, – деп бастады әңгімесін Сәбетай.

Ептеп сыр тартып, жөн сұрай бастадық. Сәбетай 1963 жылы Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келіпті. Бір ұл бір, қызы бар екен. Бірақ отбасынан ажырасып кеткен.

– Ұлым – он сегізде, қызым – он бесте. Сирек болса да кездесіп тұрамыз. Тапқаным тамағымнан аспай жүрген мына мені олар қайтсін. Анда-санда кездескенде қызым ұрсып қояды, – деп мұңайды ақын бір сәт.

Ақынның нақты тұрағы жоқ. Күнделікті табысына байланысты ақысын төлеп, әр жерге түнеп шығады, не вокзал ішіне ұйықтай салады.

«ОСЫ ӨМІРІМЕ РИЗАМЫН»
Сәбетай Сыпатаев

– «Көкбөрім көкке ұлыған» – поэма. Осыдан екі жыл бұрын Қазақ радиосы ұйымдастырған бәйгеде бас жүлдені жеңіп алған болатын. Жуықта «Қазақ әдебиеті» газетіне бес өлеңім басылып шықты. Осы өміріме ризамын, – дейді ақын, «жүгіңізді жеткізіп берейін» деп жолаушыларды жанасалай жүгірген күндері мен ашқұрсақ күйінде жатар орын таппай сандалған түндерін ұмытып.

Еріксіз «Осы өміріңізге шынымен ризасыз ба?» деп қайталап сұрадық.

– Ризамын. Мен бұдан да қиын күндерді бастан өткергенмін, – деп жауап қатты ақын.

Өзі осы сәтте таңғы оразасын бір кесе шаймен ашып тұрған еді.

«Бұдан артық қандай қиын күндер болуы мүмкін?» деген сауал көмейден көрініп тұрса да, шығара алмадық.

Сәбетай өзіне «Мен ешқандай ортаға сыймайтын және ешкімнің алдына барып көмек сұрамайтын адаммын. Іздеп келсе, қарсылығым жоқ» деген баға берді.

– Таңғы алтыдан кешкі сегіз-тоғызға дейін тынбай жүгіргеннің өзінде 2-3 мың теңге табамын. Вокзал басында бар-жоғы жеті ғана арба бар. Ол арба
Сәбетай Сыпатаев
Жолаушылардың жүгін алып бара жатқан арбакеш. Алматы, 16 тамыз 2011 жыл.

бізге тие бермейді. Сондықтан күн көру үшін жүкті жаяу арқалауға тура келеді, – деген Сәбетай жаз айларында бәсекелестердің де көбейіп кететінін айтты. Вокзал қожайындарына да ақша тапқаны үшін салық төлеп тұратын көрінеді.

– Арбасы барлар күніне он мың теңгеге дейін табады. Бірақ ол үшін де тамыр-таныстық пен пысықтық керек, – дейді Сәбетай Азаттық радиосының тілшісіне.

Теміржол бекетінің алдына келіп тоқтаған жеңіл көліктің астына түсердей болып жүгірген жасөспірім балалар бірден көзге түседі. Сәбетайдың айтып отырған «бәсекелестері» – осылар. Жазғы демалыс басталған күннен ауыл балалары осында келіп, жүк тасып, ақша табады екен.

«...АРЛАННЫҢ ТЕРІСІМІН»
Сәбетай Сыпатаев

Сәбетай Сыпатаевтың алғашқы кітабы «Жұлдыздардың бағыты өзгермейді» 1993 жылы, ал екінші кітабы «Көкбөрім көкке ұлыған» 2000 жылы жеке демеушілердің көмегімен баспа бетін көрген.

– Басыма күн туғанда,
Етігіммен су кештім.
Үмітім қырқылғанда,
Аруақтармен тілдестім.
Қанатым қайырылғанда,
Ән назар – базарым.
Тағымнан айрылғанда,
Желтоқсан – кек алдым
Дұшпаным сатса,
Адамның перісімін.
Өлігім жатса,
Арланның терісімін, – деп, «Көкбөрім көкке ұлыған» поэмасынан бір шумақ оқып берді. Қалғанын есіне түсіре алмады. Сосын: – Бүгін шабыт болмай тұр. Себебі табыс жоқ. Осыған риза болыңдар, – деп шығарып салды Сәбетай Сыпатаев.
Нұртай Лаханұлы, Азаттық радиосы
16 тамыз, 2011 жыл

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 2 ай бұрын

    Алдынан жарылкасын

    1
    Түркістанда да Назарбаев даңғылы пайда болды
    21/03 13:53 0 60
    2
    "Астана атауын ауыстыруға наразы" тұрғынды полиция ұстады
    21/03 13:10 0 822
    3
    "Вашингтонмен салыстыратындар не білімсіз, не пропагандист..."
    21/03 13:06 0 218
    Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды? (видео)
    21/03 12:53 0 184
    Облыс әкімі: Қазақ тілі қытай тілінен қиын емес шығар?
    21/03 12:41 0 326

    Таныстырылғандар

    Отандық компанияда қаржы директоры болған Қытай азаматын елден шығарып жіберді
    Отандық компанияда қаржы директоры болған Қытай азаматын елден шығарып жіберді
    Отандық компанияда қаржы директоры болған Қытай азаматын елден шығарып жіберді
    Қытай азаматы Атырау облысында жергілікті компаниялардың бірінде қаржы директоры болып қызмет атқарған
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 23:26 0 1335
    "Үмітті ақтамадың, Димаш!"
    "Үмітті ақтамадың, Димаш!"
    "Үмітті ақтамадың, Димаш!"
    "Димаш, Нұр Отан мен Астана мұныт үйретпейді, жаныңдағы қазақбайшыл кеңесшілерді тыңдама!"
    Аудио тыңдау
    16/03/2019 17:09 3 18387
    Аман қалған жігіт 49 адамды өлтірген қылмыскерден қалай қашқаны туралы айтып берді
    Аман қалған жігіт 49 адамды өлтірген қылмыскерден қалай қашқаны туралы айтып берді
    Аман қалған жігіт 49 адамды өлтірген қылмыскерден қалай қашқаны туралы айтып берді
    Ирфан Юнианто сол күні мешіттегі кішкентай бөлмеде таңғы намазын оқып болып, уағыз тыңдап отырған.
    Аудио тыңдау
    16/03/2019 18:37 0 9144
    Полиция басшысы Жаңа Зеландиядағы терактіден кейін Ислам дінін қабылдады (видео)
    Полиция басшысы Жаңа Зеландиядағы терактіден кейін Ислам дінін қабылдады (видео)
    Полиция басшысы Жаңа Зеландиядағы терактіден кейін Ислам дінін қабылдады (видео)
    Сондай-ақ ол Жаңа Зеландиядағы мешіттерде қауіпсіздік қызметін күшейтетінін мәлімдеді.
    Аудио тыңдау
    17/03/2019 18:48 0 8256
    Кеталардың тағдыры қандай қатал, уылдырық шашқан соң өлу керек!
    Кеталардың тағдыры қандай қатал, уылдырық шашқан соң өлу керек!
    Кеталардың тағдыры қандай қатал, уылдырық шашқан соң өлу керек!
    Өзі өлген соң денесін шортан жесін, Мұнда оның инедей шаруасы жоқ...
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 12:25 0 2116
    Алты бауыры шетінеп кеткен әжейдің әңгімесі: Анам әкемді сыйламапты, бұл – соның жазасы
    Алты бауыры шетінеп кеткен әжейдің әңгімесі: Анам әкемді сыйламапты, бұл – соның жазасы
    Алты бауыры шетінеп кеткен әжейдің әңгімесі: Анам әкемді сыйламапты, бұл – соның жазасы
    Менде сөз жоқ тек естігенімді ішіме түйіп, өз әйелімді есіме алып Сейфулин көшесіне жете үнсіз көліктен түсіп бара жаттым...
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 17:14 0 3804
    Тамшы
    Тамшы
    Тамшы
    Кейде біреуге қуаныш сыйлау үшін бір тамшының өзі жеткілікті болады екен-ау.
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 09:31 0 138
    Сүйінші! «Жетісу» радиосы іске қосылады!
    Сүйінші! «Жетісу» радиосы іске қосылады!
    Сүйінші! «Жетісу» радиосы іске қосылады!
    Биыл облыстық «Жетісу» телеарнасының құрылғанына 20 жыл.
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 11:05 0 244
    "Алтын қалам" әдеби бәйгесіне 10 жыл!
    "Алтын қалам" әдеби бәйгесіне 10 жыл!
    "Алтын қалам" әдеби бәйгесіне 10 жыл!
    Байқауға қазақ және орыс тілінде жазылған жұмыстар наурыздың 15-нен бастап, қыркүйектің 15-не дейін қабылданады.
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 13:09 0 152
    5 жасар маугли қыздың алғашқы видеосы жарияланды (видео)
    5 жасар маугли қыздың алғашқы видеосы жарияланды (видео)
    5 жасар маугли қыздың алғашқы видеосы жарияланды (видео)
    Видеодан кішкентай қыздың сурет салғалы жатқанын байқауға болады. Оның ең алғашқы сөзі "бұл - Фунтик" болды.
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 14:57 0 1982
    "Наурыз келсе, шапанын шалдар іздейді,  Жаңа жыл келсе, маскасын киген баладай" (видео)
    "Наурыз келсе, шапанын шалдар іздейді,  Жаңа жыл келсе, маскасын киген баладай" (видео)
    "Наурыз келсе, шапанын шалдар іздейді,  Жаңа жыл келсе, маскасын киген баладай" (видео)
    Бешпент пен қамзол, кимешек пенен кебістің,  Баз кешіп жүрміз барында білмей бағасын.
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 15:47 0 559
    Елбасы президенттік өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдады
    Елбасы президенттік өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдады
    Елбасы президенттік өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдады
    Елбасы тағын босататынын мәлімдеді
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 19:13 0 1069
    "Кеткенменен президенттік орыннан, жүрегімнен кетпейтұғын нұрымсыз"
    "Кеткенменен президенттік орыннан, жүрегімнен кетпейтұғын нұрымсыз"
    "Кеткенменен президенттік орыннан, жүрегімнен кетпейтұғын нұрымсыз"
    Сізді көрсе, НҰРДЫ көрсе БІР СІЗДЕЙ, Күллі ғалам ақын болып кетеді!
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 09:06 0 700
    Парламент мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевты қалай шығарып салды? (видео)
    Парламент мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевты қалай шығарып салды? (видео)
    Парламент мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевты қалай шығарып салды? (видео)
    Зал төріне бірінші шақырылған Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа депутаттар ұзақ қол соқты.
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 13:32 0 4472
    Әз Наурыз туралы таза шындық...
    Әз Наурыз туралы таза шындық...
    Әз Наурыз туралы таза шындық...
    Шетсіз, шексіз, менің Ұлы Далама, Әз Наурыз, қадам басып келе ме?
    21/03/2019 11:31 0 161