• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:03:44
+35°

12 Қаңтар, 2019 Денсаулық

"Әр миллиметр маңызды": 9 күн бұрын дүниеге келген сәбиге күрделі ота жасалды (видео)

Арнайы үлкейткіш құралдар көмегімен жасалатын отада өте жіңішке жіп қолданылады. Миллиметрге қателесу – үлкен қауіпке әкеп соқтырады

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ота жасалды. 9 күн бұрын туған нәрестенің жүрегінде ақау бар екені анықталды. Туа бітті пайда болатын гипоплазия ауруына шалдыққан сәбиге дереу ота жасау қажет болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Қайрат Қуатбеков операцияға дейін өз пікірін білдірген болатын. 26 жылдық тәжірибесі бар хирургтің өзі ағзаны ауыстырумен тең болған отаның қауіптілігі тым жоғары екенін айтты. 

"9 күн бұрын дүниеге келген нәрестеге ота жасалады. Оның салмағы 3 келі. Өте қауіпті дерт болғандықтан балаға дереу хирургиялық көмек көрсету керек болды. Ота өте күрделі, тіпті ағзаны алмастырудан да қиын болуы мүмкін", – дейді балалар кардиохирургы Қайрат Қуатбеков.

ота жасау

"Мұндай отадан кейін науқастың сауығуына өте көп уақыт кетеді. Екі тіпті одан да көп уақыт жан сақтау бөлімінен жатып, дәрігердің қатаң бақылауында болады. Елімізде бұған ұқсас ота жасалмаған. Отаның қиындығы сәби ағзасының жас әрі денесінің тым кішкентай болуында. Өздеріңіз ойлап қараңыздар, сәбидің бойы небәрі – 45 сантиметр. Демек, қан тамырлары мен жүрегінің көлемі өте кішкентай. Арнайы үлкейткіш құралдар көмегімен жасалатын отада өте жіңішке жіп қолданылады. Әр миллиметрдің өзі біз үшін аса маңызды. Кішкентай ғана қателік сәбидің өміріне қауіп төндіреді", – дейді кардиохирург тілшілерге берген сұхбатында.

Ота сәтті аяқталды. Қазір сәби дәрігерлердің қатаң бақылауында. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір