• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:11:37
Алматы
+35°

28 Ақпан, 2019 NEWS

"Әр балаға 21 мың теңгеден беру – қаншама отбасыға тығырықтан шығар жол..."

Елбасы басшылық еткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе – халықтың әлеуметтік жағдайы талқыланды

Елбасы басшылық еткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе – халықтың әлеуметтік жағдайы талқыланды.

Әлеуметтік аз қамтылған  топтардың, көпбалалы аналардың, жас отбасылардың жағдайын жақсарту бойынша нақты шешімдер айтылды. Әлеуметтік салаға ауқымды сомада қаражат бөлініп отыр. Бұл біріншіден, Елбасының қырағылығы, халыққа деген жанашырлығы деуге болады.

Көпбалалы отбасыларға, олардың әр баласына 21 мың теңге бөлу, қаншама отбасыға тығырықтан шығар жол. Сол секілді, мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру, тағы да біршама халықтың мәселесін шешеді. Мұның барлығын Елбасы біліп отыр. Біз сол кісіден үлгі алсақ. Бар күш-қайратымызды жиып, осы іске бағыттасақ бүгініміз де, болашағымыз да баянды болмақ.

Жастарды қолдау, оларға баспананы қолжетімді ету де аса өзекті. Бұл жөнінде Уинстон Черчилль «жастарға салынған инвестиция, көрсетілген көмек, бұл нәрестенің ауызына ана сүтін тосқанмен тең» деген. Болашақ жастардыкі, олар соған дайын болуы керек. Біз олардың ертеңіне алаңдамайтындай болуымыз керек, ол үшін бүгін қамдануымыз жөн болады.

Ұстаз беделін көтеру – қоғамды, болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Құндылық деген – осы. Біз біршама құндылықтардан да алшақтап барамыз. Оны сақтап қалудың үлкен бір жолы ұлтқа деген жанашырлықтан туады.

Осы тұста Үкімет ауысуының өзінде де үлкен мән жатыр. Жаңа министрлік осы мәселелердің жолын тауып, Елбасы қойған өркениетті мақсатқа жеткізеді деп сенемін. Өйткені министрліктен бастап, жер-жердегі, тіпті аудандық, ауылдық әкімдерге нақты тапсырма берілді. Мемлекет басшысы бүкіл партия мүшелерін осы іске жұмлдырып, Үкіметті осыған бағыттап отыр.

Досхан Жолжақсынов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір