• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:11:30
Алматы
+35°

01 Қыркүйек, 2018 Аймақтар

Ақтөбелік студенттердің жағдайы жақсы

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жатақханаларына рейд жұмыстарын жүргізді

Ақтөбе қаласындағы жатақханалардың жай-күйін тексеру мақсатында құрылған арнайы топ өкілдері М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жатақханаларына рейд жұмыстарын жүргізді.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Ақтөбе қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытбек Сыдықбаев, қалалық мәслихат депутаттары, коғамдық кеңес және «Жас сақшы» жасағының мүшелері қатысты.

Аталған университетте барлығы 5 студенттер жатақханасы бар. Алдымен топ өкілдері А.Досжанова атындағы №5 жатақханада болды.

— Қазір студент үшін жатақханадан орын алу — ең басты мәселелердің бірі. Бұл жатақханада мың студентке арналған орын бар. Бір студент бір бөлмеде тұратын болса, жатақхана ақысы — 10 айға 120 мың теңге. Ал екі немесе үш адамға арналған бөлмелер — 80 мың теңге тұрады. Алдымен өзге облыстан келген студенттер орналастырылады. Жалпы, биыл барлық студенттерге орын жеткілікті. Ақтөбеде қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында өткен айда «Жас сақшы» жасағы құрылған болатын. Жастар мен студенттерден құралған топ өкілдері күндізгі және түнгі рейдтерге шығып, жастар арсындағы қоғамдық тәртіпті, қала тазалағын, жастардың қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауын қадағалайды, — дейді «Жас сақшы» жасағының көшбасшысы Аягүл Жанғожа.

Бүгінде жатақханаға студенттердің алғашқы легі орналасып жатыр. Жастар игілігіне берілген жаңа жатақханада барлық жағдай жасалған. Медициналық пункт, компьютерлік залдар, әр қабатта демалыс орындары мен асүй бөлмелері, т.б. бар. Төрт блокқа бөлінген жатақханада төрт курстың студенттері тұрады. Жетім және көп балалалы отбасынан шыққан студенттерге жатақханада тегін тұруға мүмкіндіктер қарастырылған.

Бұдан соң арнайы топ өкілдері медицина университетінің №1 жатақханасына барды. Жатақхананың коменданты Сәлима Жаңабаеваның айтуынша, мұнда

430 студентке арналған орын бар. Оның 300-ге жуығы шетелдік азаматтарға арналған. Студенттер«Сириус» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы онлайн сұраныс береді. Яғни барлығы электронды түрде жүргізіледі. Жатақхана ақысы — 10 айға 50 мың теңге.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір